"Астана-Финанс" акционерлік қоғамы акцияларының пакетін сыйға тарту шарты бойынша жеке меншіктен республикалық меншікке қабылдауға келісу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 наурыздағы № 267 қаулысы

      «Сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1103 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес «Астана-Финанс» акционерлік қоғамының жеке акционерлерінің «Астана-Финанс» акционерлік қоғамы акцияларының пакетін сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке беру туралы ұсынысын қабылдауға келісім берілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағынан туындайтын қажетті іс-шараларды жүзеге асырсын.
      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
      1) «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
      «Астана қаласы» деген бөлім:
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-65-жолмен толықтырылсын:
      «21-165. «Астана-Финанс» АҚ»;
      2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С. Ахметов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2014 жылғы 26 наурыздағы
№ 267 қаулысына    
қосымша        

«Астана-Финанс» акционерлік қоғамының өздеріне тиесілі акцияларын сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке беретін жеке акционерлерінің тізбесі

р/с №

Атауы

«Астана-Финанс» акционерлік қоғамының жеке акционерлеріне тиесілі акциялардың пакеті

1.

«Ратул» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

1,8 %

2.

«Logistic technоpark CМ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

3,58 %

3.

«Қазақстан Стандарт Инвест» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

2,18 %

4.

«Сая-Инвест» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

3,97 %

5.

«Фирма Астана Стройсервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

4,12 %