Геология және су ресурстарын пайдалану саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 ақпандағы № 153 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 678 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 25.05.2016 № 15/08 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5-6) тармақшасының негізінде жұмысқа орналастыруға мұқтаж интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бұқар жырау ауданы бойынша интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектерін жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      2. "Бұқар жырау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Н.Г. Алексеева) квоталанған жұмыс орындарына интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектерінің жұмысқа орналасуына жәрдем жасасын.
      3. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі
Н. Кобжанов