"Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 128 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 530-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі туралы ережеде:
      16-тармақта:
      орталық аппараттың функциялары мынадай мазмұндағы 49) және 50) тармақшалармен толықтырылсын:
      «49) Қазақстан Республикасы шетелдегі мекемелерінің жылжымайтын мүлік объектілерін сатып алуы және жалдауы, үй-жайларының (ғимараттарының) күрделі құрылысы мен жөндеуі бойынша ұсыныстарды әзірлеу тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның келісімі бойынша бекіту;
      50) шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдіктерін және олардың журналистерін аккредиттеу тәртібін бекіту;».
      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі шетелдегі мекемелерінің жылжымайтын мүлік объектілерін сатып алуы және жалдауы, үй-жайлары мен ғимараттарының күрделі құрылысы мен жөндеуі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 19 қыркүйектегі № 1144 қаулысы;
      2) «Қазақстан Республикасының аумағында шетел мемлекеттері бұқаралық ақпарат құралдарының тілшілерін тіркеу және тілшілер пункттерін ашу туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 29 мамырдағы № 903 қаулысы.
      3. Осы қаулы қоя қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов