"Салықтық өтініштердің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 қарашадағы № 1390 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 ақпандағы № 106 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2015 жылғы 28 тамыздағы № 685 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Yкiметiнiң 28.08.2015 № 685 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Салықтық өтініштердің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 қарашадағы № 1390 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 4, 75-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген салық төлеушінің (салық агентінің) салық есептілігін кері қайтарып алу туралы салықтық өтінішінің нысаны осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстардың және ұсталған (төленген) салықтардың сомалары туралы анықтаманы алуға салықтық өтініш нысаны осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2014 жылғы 18 ақпандағы
№ 106 қаулысына   
1-қосымша      

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2011 жылғы 29 қарашадағы
№ 1390 қаулысымен  
бекітілген     

нысан

Салық төлеушінің (салық агентінің) салық есептілігін кері
қайтарып алу туралы салықтық өтініші

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2014 жылғы 18 ақпандағы
№ 106 қаулысына   
2-қосымша      

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2011 жылғы 29 қарашадағы
№ 1390 қаулысымен  
бекітілген     

нысан

Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстардың және
ұсталған (төленген) салықтардың сомалары туралы анықтаманы
алуға салықтық өтініш