Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2013 жылға арналған жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1778 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 7, 165-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2013 жылға арналған жоспарында
мына:
«
46-3 |
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы азаматтарының және тұруға ықтиярхаты бар адамдардың кірістерін және мүлкін декларациялауы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Қаржымині |
Мамыр |
Қазан |
Желтоқсан |
Р.Е. Дәленов |
46-4 |
Ең төменгі әлеуметтік стандарттар мен кепілдіктер туралы |
ЭБЖМ |
Шілде |
Қазан |
Желтоқсан |
М.Е. Әбілқасымова |
деген жолдар алынып тасталсын;
реттік нөмірлері 53-1 және 53-2 жолдар алынып тасталсын;
2) «Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2013 жылға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 238 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2013 жылға арналған іс-шаралар жоспарында:
реттік нөмірі 25-жол алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов