"Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттiгiнiң 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 ақпандағы № 151 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1531 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттiгiнiң 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 ақпандағы № 151 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 20, 248-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
      «3. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, мiндеттер, нысаналы индикаторлар, iс-шаралар және нәтижелер көрсеткiштерi» деген бөлiмде:
      «3.1. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, мiндеттер, нысаналы индикаторлар, iс-шаралар және нәтижелер көрсеткiштерi» деген кіші бөлімде:
      «1.2.2. «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Днепр» ЗТ коммерциялық пайдалануға Қазақстанның қатысуын қамтамасыз ету» деген мiндетте:
      «Космотрас» ХҒК ЖАҚ жарғылық капиталына қатысу үлесi («Днепр» ЗТ)» деген жолдың «2013 жыл» деген бағанындағы «33,3» деген сандар «10» деген сандармен ауыстырылсын;
      «7. Бюджеттік бағдарламалар» деген бөлімде:
      «7.1. Бюджеттік бағдарламалар» деген кіші бөлімде:
      009 «Ғарыш аппараттарын басқаруды қамтамасыз ету» деген бюджеттік бағдарламада:
      «2013 жыл» деген бағанда:
      «тiкелей нәтиже көрсеткiштерi ҒА және «KazSat» ғарыштық жүйесiнiң жердегi инфрақұрылымын сақтандыру шарттары, арнайы күзет ұйымдарымен шарттар» деген жолдағы «7» деген сан «6» деген санмен ауыстырылсын;
      «ЖҚЗ ҒА сақтандыру шарттары» деген жолдағы «1» деген сан алынып тасталсын;
      «бюджеттік шығындар көлемі» деген жолдағы «1 242 025» деген сандар «1 102 281» деген сандармен ауыстырылсын;
      017 «Ғарыш саласындағы мамандарды қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру» деген бюджеттік бағдарламада:
      «бюджеттік шығындар көлемі» деген жолдың «2013 жыл» деген бағанындағы «208 305» деген сандар «207 565» деген сандармен ауыстырылсын;
      019 «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің күрделі шығындары» деген бюджеттік бағдарламада:
      «бюджеттік шығындар көлемі» деген жолдың «2013 жыл» деген бағанындағы «6 437» деген сандар «4 845» деген сандармен ауыстырылсын;
      «7.2. Бюджеттік шығындар жинағы» деген кіші бөлімде:
      «2013 жыл» деген бағанда:
      «бюджеттік шығындардың БАРЛЫҒЫ:» деген жолдағы «29 511 213» деген сандар «29 369 137» деген сандармен ауыстырылсын;
      «ағымдағы бюджеттiк бағдарламалар» деген жолдағы «3 067 968» деген сандар «2 925 892» деген сандармен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов