Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2012 жылғы 28 қыркүйекте Ялта қаласында жасалған 2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1503 қаулысымен
бекітілген
2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы
хаттама
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын 2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында Тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің үкіметтері
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Тауар орын алған елден шыққан деп есептелетін орындалған шарттардың, өндірістік және технологиялық операциялардың тізбесіне (2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесіне 1-қосымша) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1. «1501 00-ден» деген СЭҚ ТН коды бар жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
1501-ден |
Сүйек майы немесе қалдықтардан алынған тоң майлар |
0203, 0206 немесе 0207 немесе 0506 позициялар материалдарын қоспағанда, кез келген позиция материалдарынан дайындау; |
»;
2. «1502 00-ден» деген СЭҚ ТН коды бар жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
1502-ден |
Сүйек тоң майы немесе қалдықтардан алынған тоң май |
0201, 0202, 0204 немесе 0206 немесе 0506 позицияларының материалдарын қоспағанда, кез келген позициялардың материалдарынан дайындау |
»;
3. «2403 10» деген СЭҚ ТН коды бар жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
2403 11 000, 2403 19 |
Құрамында кез келген үлесте темекі алмастырғыштары бар немесе жоқ шегуге арналған темекі |
Кез келген позициялардың материалдарынан дайындау. Алайда, 2403 позициясының пайдаланылатын материалдарының құны түпкілікті өнім бағасының 50 %-ынан аспауға тиіс |
»;
4. «2932 99 700» деген СЭҚ ТН коды бар жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
2932 99 000-ден |
Басқа құрамында оттегі бар функционалдық топты қамтитын немесе қамтымайтын өзге де циклдік ацеталилер және ішкі гемиацеталилер, және олардың галогенденген, сульфирленген, нитроленген және нитрозирленген туындылары |
Кез келген позициялардың материалдарынан, оның ішінде 2932 позициясының басқа да материалдарынан дайындау |
»;
5. «2932 99 850-ден» СЭҚ ТН коды бар жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
2932 99 000-ден |
Қарапайым ішкі эфирлер |
Кез келген позициялардың материалдарынан дайындау. Алайда, 2909 позициясының пайдаланылатын материалдарының құны түпкілікті өнім бағасының 50 %-ынан аспауға тиіс |
»;
6 «3920 10 270-тен» деген СЭҚ ТН коды бар жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
3920 10 250-нен |
Қалыңдығы 0,125 мм-ден аспайтын полиэтиленнен жасалған үлес салмағы кем дегенде 0,94, орамдарда салынған суреті және жазылған мәтіні бар пленка және белдіктер немесе ленталар |
Кез келген позициялардың материалдарынан дайындау. Алайда дайын өнімдікіндей позицияның пайдаланылатын материалдардың бағасы түпкілікті өнім бағасының 50 %-ынан аспауға тиіс |
»;
7. «4017 00» деген СЭҚ ТН коды бар жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
4017 00 000 |
Барлық нысандардағы қатты резеңке (мысалы, эбонит), қалдықтар мен сынықтарды қоса алғанда; қатты резеңкеден жасалған бұйымдар |
Қатты резеңкеден дайындау |
»;
8. «6803 00-ден» деген СЭҚ ТН коды бар жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
6803 00 000-ден |
Табиғи тақтатастан немесе агломерацияланған тақтатастан жасалған бұйымдар |
Өңделген тақтатастан дайындау |
»;
9. «8608 00» СЭҚ ТН коды бар жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
8608 00 000 |
Теміржол және трамвай жолдарына арналған жол жабдықтары мен құрылғылары; механикалық (электрмеханикалықты қоса алғанда) сигнал беру жабдықтары, теміржолдарда, трамвай жолдарда, автомобиль жолдарында, ішкі су жолдарында, көлік тұрақтарында, кемежайларда немесе әуеайлақтарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету немесе қозғалысты басқару құрылғылары; аталған құрылғылардың және жабдықтардың бөліктері |
Оларды дайындау кезінде барлық пайдаланылатын материалдардың құны соңғы өнім бағасынан 50 %-нан аспауы тиіс. Жоғарыда көрсетілген шекте өнім сияқты позицияда жіктелетін материалдар түпкілікті өнім бағасының 5 %-ы шегіндегі сомаға дейін пайдаланылуы мүмкін |
».
2-бап
Осы Хаттама қол қойылған күнінен бастап 60 күн өткен соң уақытша қолданылады және депозитарий оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді оған қол қойған Тараптардың орындағаны туралы үшінші хабарламаны алған күннен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Мемлекетішілік рәсімдерді кешірек орындаған Тараптар үшін осы Хаттама депозитарий тиісті құжаттарды алған күннен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.
2012 жылғы 28 қыркүйекте Ялта қаласында бір түпнұсқа данада орыс тілінде жасалды. Түпнұсқа данасы осы Хаттамаға қол қойған әрбір Тарапқа оның куәландырылған көшірмесін жіберетін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінде сақталады.
Әзербайжан Республикасының Премьер-Министрдің бірінші Армения Республикасының Беларусь Республикасының Қазақстан Республикасының Премьер-Министрдің Қ. Келімбетов Қырғыз Республикасының Молдова Республикасының |
Ресей Федерациясының Тәжікстан Республикасының Түрікменстан Республикасының Өзбекстан Республикасының Украина Үкіметі үшін |
Әзербайжан Республикасының
ҚОСЫМША ТҮСІНІГІ
Хаттаманың 2-бабының «қол қойылған күнінен бастап 60 күн өткен соң уақытша қолданылады» деген сөздерді қоспағанда.
Әзербайжан Республикасы |
Я. Эюбов |
Армения Республикасының
ҚОСЫМША ТҮСІНІГІ
Армения Республикасы, осы Хаттаманың 2-бабымен белгіленген тәртіппен Армения Республикасы үшін ол күшіне енгенге дейін 2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы уақытша қолданбайтын болады.
Армения Республикасының |
Т. Саркисян |
Украинаның
ҚОСЫМША ТҮСІНІГІ
Қол қойылған күнінен бастап Хаттаманы уақытша қолдану туралы 2-бапты қоспағанда.
Украина 2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы келісімнің мақсаттары үшін Украина сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасын басшылыққа алу құқығын өзіне қалдырады.
Украина |
Н. Азаров |