Орта мерзімді кезеңге (2013 - 2015 жылдарға) арналған концессияға беруге ұсынылатын объектілердің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1518 қаулысы

      «Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған орта мерзімді кезеңге (2013 – 2015 жылдарға) арналған концессияға беруге ұсынылатын объектілердің тізбесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1518 қаулысымен     
бекітілген        

Орта мерзімді кезеңге (2013 – 2015 жылдарға) арналған
концессияға беруге ұсынылатын объектілердің тізбесі

Р/с

Атауы

Конкурсты ұйымдастырушы

1

2

3

1. Жақсартылуы және пайдаланылуы концессия шарты негізінде
жүзеге асырылатын жұмыс істеп тұрған мемлекеттік меншік объектілері

2. Салынуы және пайдаланылуы концессия шарттары
негізінде жүзеге асырылатын объектілер

1.

«Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы» (ҮАААЖ) автомобиль жолын салу және пайдалану

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі

2.

Теміртау қаласында балабақшалар кешенін салу және пайдалану

Қарағанды облысының әкімдігі

3.

«Маңғыстау (Тамақ) станциясы» теміржол вокзалын салу

Маңғыстау облысының әкімдігі

4.

Ақтау қаласында автовокзал салу

Маңғыстау облысының әкімдігі