"Сауықтыру жөнiндегi кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 17 маусымдағы № 660 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1473 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 10 қарашадағы № 1182 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 29.12.2016 № 901 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледi) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттің басым құқығын жүзеге асыру мәселелері жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1264 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:

      Мемлекеттің басым құқығын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

      қатты пайдалы қазбалар мәселелері бойынша:

Қосжанов
Бақытбек Жамалбекұлы

-

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Экономикалық қауіпсіздік департаментінің бастығы (келісім бойынша);


      көмірсутек шикізаты мәселелері бойынша:

Қосжанов
Бақытбек Жамалбекұлы

-

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Экономикалық қауіпсіздік департаментінің бастығы (келісім бойынша);


      көрсетілген құрамдардан Ғұсман Кәрімұлы Әмрин шығарылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

C. Ахметов