Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының фармацевтикалық өнеркәсібін дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарлама туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 4 тамыздағы № 791 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 46, 422-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Орталық атқарушы органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері жылына бір рет, есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне Бағдарламада көзделген іс-шаралардың іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
4. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі жылына бір рет, есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанынан кешіктірмей, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне Бағдарламада көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы ақпарат берсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының фармацевтикалық өнеркәсібін дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламада:
«Бағдарлама паспорты» деген 1-бөлімде:
«Нысаналы индикаторлар» деген кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
«1. 2014 жылдың соңына дейін ішкі нарықтың 50 %-ын нақты мәнде отандық дәрі-дәрмек құралдарымен қамтамасыз ету.
2. Саланың жалпы қосылған құнын 2008 жылғы деңгейге қарағанда нақты мәнде кемінде 2 есе ұлғайту.
3. Негізгі фармацевтикалық өнімдер өндірісі бойынша саланың еңбек өнімділігін 2008 жылғы деңгейге қарағанда нақты мәнде 50 %-ға ұлғайту.»;
«Бағдарламаның мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары және іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері» деген 4-бөлімде:
«Нысаналы индикаторлар» деген 4.2-кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
«4.2. Нысаналы индикаторлар
Нысаналы индикатор |
Өлшем бірлігі |
2009 |
2010 |
2011 |
2012 |
2013 |
2014 |
2014 жылдың соңына дейін ішкі нарықтың 50 %-ын нақты мәнде отандық дәрі-дәрмек құралдарымен қамтамасыз ету |
% |
30 |
33 |
49,3 |
15,4 |
45,9 |
50 |
Саланың жалпы қосылған құнын 2008 жылғы деңгейге қарағанда нақты мәнде кемінде 2 есе ұлғайту |
100 |
128,9 |
183,9 |
181,1 |
191,6 |
194,1 |
202,7 |
Негізгі фармацевтикалық өнімдер өндірісі бойынша саланың еңбек өнімділігін 2008 жылғы деңгейге қарағанда нақты мәнде 50 %-ға ұлғайту |
100 |
140,1 |
271,9 |
238,2 |
315,4 |
316,6 |
318,4 |
»;
«Бағдарламаның міндеттері және нәтижелерінің көрсеткіштері:» деген 4.3-кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
«4.3. Бағдарламаның міндеттері және нәтижелерінің көрсеткіштері:
1. Қолданыстағы өндірістерді жаңғырту және жаңа фармацевтикалық кәсіпорындар салу.
2. «Тиісті өндірістік тәжірибе» (GMP) фармацевтикалық өнеркәсіп кәсіпорындарына халықаралық сапа стандарттарын енгізу – кәсіпорындардың тиісті сертификаттар алуы.
3. Халықаралық стандарттарға сәйкес (GMP) қазіргі заманғы технологиялар базасында фармацевтикалық және медициналық өнімдер импортын алмастыру үшін жағдайлар жасау:
2010 жылы 7 жылға дейінгі мерзімге 7 ұзақ мерзімді шартқа қол қою, Бірыңғай дистрибьютор арқылы отандық өндірушілерден дәрі-дәрмектер мен ММБ-ды мемлекеттік сатып алу;
2011 жылы отандық өндірушілерден медициналық техниканы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру.
4. Саланы білікті кадрлармен қамтамасыз ету – тиісті сертификаттар алу.»;
«Бағдарламаны іске асыру кезеңдері» деген 5-бөлімде:
«Қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу құралдары мен тетіктерінің тізбесі» деген 5.2-кіші бөлімде:
«Бағдарламаны іске асырудың жобалық шаралары» деген 5-бағытта:
1) тармақша алынып тасталсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Шымкент қаласындағы «Химфарм» АҚ зауытын жылына 1000 млн. дана таблетка, капсула, драже, жылына 30 млн. дана антибиотик, жылына 4 млн. дана инфузиялық ерітінді, жылына 300 млн. дана ампула өндіру бойынша GMP стандарттарына сәйкес кеңейту;»;
4), 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«4) Алматы қаласында GMP стандарттарына сәйкес жылына 475 млн. дана таблетка, 45 млн. дана капсула, 12 млн. дана суспензия мен шәрбат, 6 млн. дана май мен крем, 80 млн. дана инъекция өндіру бойынша «Нобел Алматы фармацевтикалық фабрикасы» АҚ-ның жаңа фармацевтикалық зауытын құру;
5) Алматы облысында жылына GMP стандарттарына сәйкес 1,5 млн. дана таблетка, 20 млн. дана капсула өндіру бойынша «Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС-ның толық циклді фармацевтикалық зауытын салу;»;
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«11) Қарағанды қаласында жылына 4 млн. дана стерильді нысандарды шығару бойынша «Қарағанды фармацевтика кешені» ЖШС өндірісін GMP стандарттарына сәйкес жаңғырту;»;
14) тармақша алынып тасталсын;
«тауаша жобаларда»:
2), 3) тармақшалар алынып тасталсын;
көрсетілген Бағдарламаға 2-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1486 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
фармацевтикалық өнеркәсібін
дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға
арналған бағдарламаға
2-қосымша
Фармацевтика өнеркәсібінің негізгі инвестициялық жобалары
Р/с |
Жобаның атауы |
Жоба бойынша іс-шара |
Жобалардың мақсаты |
Кәсіпорынның атауы |
Ұсынылатын өңірлік орналастыру |
Жобаны іске асырудың басталуы |
Жобаны іске асырудың аяқталуы |
Жауапты орындаушы |
Инвестициялар көлемі, млн. теңге |
Инвестициялар көздері |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
|
Пысықталған жобалар |
|||||||||||
1 |
Фармацевтика зауытын кеңейту |
Жаңа цехтарды GMР стандарттарына сәйкес салу, жобалау, сертификаттау |
Жылына 1000 млн. дана таблетка, капсула, драже, жылына 30 млн. дана антибиотик, жылына 4 млн. дана инфузиялық ерітінді, жылына 300 млн. дана ампула өндіру |
«Химфарм» АҚ |
Шымкент қ. |
2010 жыл |
2014 жыл |
ОҚО әкімдігі, ИЖТМ |
14 500 (қарыз қаражаты) |
Қарыз қаражаты |
|
2 |
Толық циклді фармацевтикалық зауыт салу |
GMР стандарттарына сәйкес жобалау, салу, сертификаттау |
Жылына 1,5 млн. дана таблетка, 20 млн. дана капсула өндіру |
«Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС |
Алматы облысы |
2010 жыл |
2014 жыл |
Алматы облысының әкімдігі, ИЖТМ |
4 800 (қарыз қаражаты) |
Қарыз және меншікті қаражат |
|
3 |
Бірінші (қолданыстағы) өндірісті жаңғырту |
GMР стандарттарына сәйкес цехты қайта жаңғырту, сертификаттау |
58 млн. дана таблетка, 16 млн. дана капсула, 1 млн. дана суспензия, 1 млн. дана жақпа май өндіру |
«Нобел АФФ» АҚ |
Алматы қ. |
2009 жыл |
2011 жыл |
Алматы қ. әкімдігі, ИЖТМ |
825 (меншікті қаражат) |
Меншікті қаражат |
|
4 |
Жаңа фармацевтикалық зауыт құру |
GMР стандарттарына сәйкес жаңа зауыт салу, сертификаттау |
475 млн. дана таблетка, 45 млн. дана капсула, 12 млн. дана суспензия мен шәрбат, 6 млн. дана май мен крем, 80 млн. дана инъекция өндіру |
«Нобел АФФ» АҚ |
Алматы қ. |
2013 жыл |
2017 жыл |
Алматы қ. әкімдігі, ИЖТМ |
3 750 (меншікті қаражат) |
Қарыз және меншікті қаражат |
|
5 |
Семей медициналық препараттар зауытын реконструкциялау |
GMР стандарттарына сәйкес қайта жаңғырту, сертификаттау |
Инфузиялық ерітінділер – 3 млн. дана, инъекциялық ерітінділер – 1,2 млн. дана, ұнтақ – 43 мың дана, ампулалар – 1 млн. дана |
«Ромат» ФК МПЗ |
Семей қ. |
2010 жыл |
2015 жыл |
ШҚО әкімдігі, ИЖТМ |
5 430 (меншікті қаражат – 1150, қарыз қаражаты - 4 280) |
Қарыз қаражаты |
|
6 |
Павлодар қаласында фармацевтикалық зауыт салу |
GMР стандарттарына сәйкес жобалау, салу, сертификаттау |
Таблеткалар – 147 млн. дана, капсулалар – 3 млн. дана, жақпа майлары – 13 мың дана |
ПФЗ |
Павлодар қ. |
2010 жыл |
2014 жыл |
Павлодар облысы әкімдігі, ИЖТМ |
2 475 (меншікті қаражат – 300, қарыз қаражаты – 2 175) |
Қарыз қаражаты |
|
7 |
Компанияның медициналық зауытын реконструкциялау және салу |
GMР стандарттарына сәйкес жобалау, қайта жаңғырту, салу, сертификаттау |
Шприцтер – 150 млн. дана, қауіпсіз кәдеге жаратуға арналған контейнер – 2 млн. дана |
«Ромат» ФК МЗК |
Павлодар қ. |
2010 жыл |
2014 жыл |
Павлодар облысының әкімдігі, ИЖТМ |
1 403,5 (қарыз қаражаты – 1 203,5 меншікті қаражат – 200) |
Қарыз қаражаты |
|
8 |
Жаңа зауыт салу |
ISO 13485 стандарттарына сәйкес өндірісті сертификаттау |
Инфузиялық ерітінділерге арналған бір реттік пайдаланылатын жүйелер – 16 млн. дана |
«Алтомед» ЖШС |
Алматы облысы |
2008 жыл |
2010 жыл |
Алматы облысының әкімдігі, ИЖТМ |
430,2 (меншікті қаражат – 280,2, қарыз қаражаты – 150) |
Меншікті қаражат |
|
9 |
Медициналық техника өндіруді оқшауландыру |
ISO 13485 стандарттарына сәйкес өндірісті жаңғырту, сертификаттау |
Медициналық техника – 350 дана |
«Ақтөберентген» АҚ |
Ақтөбе қ. |
2009 жыл |
2010 жыл |
Ақтөбе облысының әкімдігі, ИЖТМ |
540 (меншікті қаражат) |
Меншікті қаражат |
|
10 |
Өндірісті жаңғырту |
GMP талаптарына сәйкес цехты жаңғырту, сертификаттау |
Стерильді нысандар – 4 млн. дана капсулалар |
«Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС |
Қарағанды қ. |
2012 жыл |
2015 жыл |
Қарағанды облысының әкімдігі |
1000 (меншікті қаражат – 350, қарыз қаражаты – 650) |
Меншікті қаражат |
|
11 |
Медициналық шприцтер өндіретін зауыт |
ISO 13485 стандарттарына сәйкес құрылысты аяқтау, өндірісті сертификаттау |
Медициналық шприцтер шығару – 150 млн. дана |
«Brando» ЖШС |
Атырау облысы |
2008 жыл |
2010 жыл |
Атырау облысының әкімдігі, ИЖТМ |
675 (меншікті қаражат – 346, қарыз қаражаты – 329) |
Меншікті қаражат |
|
12 |
Жаңа зауыт салу |
GMP және ISO 13485 стандарттарына сәйкес құрылысты аяқтау, өндірісті сертификаттау |
Инфузиялық ерітінділер шығару – 3 млн. дана |
«Медикал Фарм «Ча-Кур» ЖШС |
Маңғыстау облысы |
2010 жыл |
2012 жыл |
Маңғыстау облысының әкімдігі, ИЖТМ |
1 800 (меншікті қаражат – 350, қарыз қаражаты – 1 450) |
Қарыз және меншікті қаражат |
|
13 |
Зауыт салу |
Концентрациялық ерітінділер өндіру – 600 мың жиынтық |
«Бируни- |
Алматы қ. |
2009 жыл |
2010 жыл |
Алматы қ. әкімдігі, ИЖТМ |
370 (меншікті қаражат) |
Меншікті қаражат |
||
«Тауаша» жобалар |
|||||||||||
14 |
Полимер материалдардан жасалатын бір рет пайдаланылатын медициналық бұйымдар өндіру зауытын салу |
Полимер материалдардан жасалатын бір рет пайдаланылатын медициналық бұйымдар шығару – 4,5 млн. дана |
Алматы қ. |
2010 жыл |
2018 жыл |
ИЖТМ |
1 050 (қарыз қаражаты) |
Қарыз қаражаты |