"Азаматтық әуе кемесі данасын сертификаттау және оның ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігіне куәлік беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 23 қазандағы № 1341 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 1430 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 қарашадағы № 941 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.11.2015 № 941 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Азаматтық әуе кемесі данасын сертификаттау және оның ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігіне куәлік беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 23 қазандағы
№ 1341 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 75-76, 1101-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Азаматтық әуе кемесі данасын сертификаттау және оның ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігіне куәлік беру қағидаларында:
      3-тармақтың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «13) сараптамалық ұйым – әуе кемелерін пайдаланушыларды біріктіретін коммерциялық емес ұйым;»;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Осы Қағидаларда қамтылған рәсімдер мен жалпы техникалық талаптар жеңіл және аса жеңіл авиацияның ең ауыр ұшып көтерілу салмағы 2250 кг аспайтын АӘКД (ұшақтар мен тікұшақтар, моторлы планерлер, автожирлер, аэростаттық әуе кемелері) қолданылады.»;
      6-тармақ алынып тасталсын;
      8-тармақта:
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлiктiң* көшiрмесi не анықтамасы немесе жеке тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесі.
      Ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;»;
      мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      «6) азаматтық әуе кемесі данасының сәйкестік куәлігін бергені үшін алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі қоса беріледі.»;
      9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Уәкілетті орган өтінімді алған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде АӘКД-нің конструкциясының, сипаттамаларының және пайдалану-техникалық құжаттамасының ұшуға жарамдылығы нормаларына сәйкестігін бағалауға сертификаттық тексеру бойынша жұмыстар жүргізуге сараптамалық ұйымды тартады.
      10. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган сараптамалық  ұйымды тарта отырып, сертификаттық тексеру жүргізу жөніндегі мемлекеттік авиация инспекторлары үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган әзірлеген нұсқаулық материалды пайдалана отырып, ӘК аэродинамикалық және беріктік сипаттамаларын, конструкциясын, оның жасалу сапасын (күрделі жөнделуін) бағалайды.
      Сертификаттық тексеру аяқталғаннан кейін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша АӘКД техникалық жай-күйін бағалау және ұшуға жарамдылығын анықтау актісін ресімдеп, қоса береді:
      1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ҰЖН сәйкестік куәлігінің деректер картасы;
      2) АӘКД ұшу-техникалық тексеру актісі, АӘКД ұшу сараптамасының хаттамасы;
      3) АӘКД техникалық қызмет көрсету бағдарламасы (регламенті).
      Ескертпе: АӘКД ұшу-техникалық тексеру актісі және АӘКД ұшу сараптамасының хаттамасы екі данада жасалады, оның біреуі өтініш берушіге беріледі.»;
      11-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «11. АӘКД сертификаттаудың жалпы мерзімі өтінім берілген күннен бастап күнтізбелік 30 күнді құрайды. Қосымша зерделеуді немесе тексеруді жүргізу қажет болатын жағдайларда, қарау мерзімі күнтізбелік 30 күннен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін, бұл туралы қарау мерзімін ұзарту туралы шешім қабылданған сәттен бастап, күнтізбелік үш күн ішінде өтініш берушіге хабарланады.»;
      12-тармақ алынып тасталсын;
      13-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
      «Егер сертификаттық тексеру кезінде сәйкессіздіктер анықталған жағдайда, өтініш беруші азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның бекітуі үшін сәйкессіздіктерді жою бойынша жауапты адамдарды және күнін көрсетіп, түзету іс-қимылының жоспарын жасайды.
      Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган түзету іс-қимылының жоспарын бекіткен сәтінен бастап сертификаттау мерзімінің ағымы анықталған сәйкессіздіктер жойылғанға дейін тоқтатыла тұрады.»;
      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «15. Азаматтық әуе кемесінің данасын сертификаттау үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалатын тәртіппен және мөлшерде алым төленеді. Сертификаттау мемлекеттік бюджетке көрсетілген алым төленгеннен кейін жүзеге асырылады.»;
      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «17. АӘКД сертификатының қолданылуын қалпына келтіру өтініш беруші дәлелдеме құжаттамасымен бірге ұсынған оның қолданысын тоқтата тұруға әкелген себептердің жойылғаны туралы актіге азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган келісім берген күннен бастап жүргізіледі.».
      көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы 1-тармақтың 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін он екінші, он үшінші, жиырма сегізінші және жиырма  тоғызыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2013 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1430 қаулысына     
қосымша          

Азаматтық әуе кемесі данасын
сертификаттау және оның  
ұшуға жарамдылық      
нормаларына сәйкестігіне 
куәлік беру қағидаларына 
2-қосымша         

Әуе кемесі данасының техникалық жай-күйін бағалау және ұшуға
жарамдылығын анықтау
АКТІСІ

_____________________________________________________________________

20__ жылғы «___» ________________ № ________________ бұйрығына сәйкес
комиссия мынадай құрамда:
Төраға: _____________________________________________________________
                                (Т.А.Ә., қызметі)
Комиссия мүшелері: __________________________________________________
                                (Т.А.Ә., қызметі)
_____________________________________________________________________
                                (Т.А.Ә., қызметі)
Ұшу жарамдылығын сертификаттау бағдарламасы бойынша _________________
___________________________________________________ бағалау жүргізді.
                  (ұйымның атауы)

Азаматтық әуе кемелерінің пайдалануға жарамдылығын бағалау актісінің
мәтіні

      Актінің қорытынды бөлігінде пайдалану құжаттамасының, әуе
кемесі мен оның жабдығының азаматтық әуе кемесінің данасына
белгіленген талаптарға және Қазақстан Республикасының азаматтық
авиация саласындағы нормативтік құқықтық актілеріне, мәлімделетін ұшу
түрлеріне сәйкестігі (сәйкессіздігі) көрсетіледі.

Төраға:            ____________________________   ___________________
                             (Т.А.Ә.)                    (қолы)
Комиссия мүшелері: ____________________________   ___________________
                             (Т.А.Ә.)                    (қолы)
                   ____________________________   ___________________
                             (Т.А.Ә.)                    (қолы)

Актімен таныстым:
Ұйым басшысы       ____________________________   ___________________
                             (Т.А.Ә.)                    (қолы)