"ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастырудың және өткізудің 2013 - 2018 жылдарға арналған ұлттық жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2013 жылғы 15 қаңтардағы № 10 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу турал

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 1428 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. «ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастырудың және өткізудің 2013 – 2018 жылдарға арналған ұлттық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2013 жылғы 15 қаңтардағы № 10 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      4-тармақ алынып тасталсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастырудың және өткізудің 2013 – 2018 жылдарға арналған ұлттық жоспарында:
      4-бағанда «Қоршағанортамині» деген аббревиатура «ҚОСРМ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 10-1, 10-2 және 10-3-жолдармен толықтырылсын:

      «

10-1.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ХКБ арасындағы ЭКСПО-2017 өткізуге байланысты жеңілдіктер мен артықшылықтар туралы келісімнің жобасын әзірлеу

Келісім жобасы

СІМ (жинақтау), ҚОСРМ, ЭБЖМ, Қаржымині, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ (келісім бойынша)

2014 жылғы желтоқсан

талап етілмейді

10-2.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ХКБ арасындағы ЭКСПО-2017 өткізуге байланысты жеңілдіктер мен артықшылықтар туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын әзірлеу

заң жобасы

СІМ (жинақтау), ҚОСРМ, ЭБЖМ, Қаржымині, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ (келісім бойынша)

2015 жылғы наурыз

талап етілмейді

10-3.

Халықаралық көрмелер туралы конвенцияны (Париж, 1928 жылғы 22 қараша) ратификациялау туралы заң жобасын әзірлеу және оны Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізу

заң жобасы

СІМ (жинақтау), ЭБЖМ, ҚОСРМ, Қаржымині, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ (келісім бойынша)

2014 жылғы ақпан

талап етілмейді

                                                                   »;

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 14-1-жолмен толықтырылсын:

      «

14-1.

Қазақстандық делегацияның ХКБ Атқару комитетіне (мамыр, қазан) және ХКБ Бас ассамблеясының 155-156-ші сессияларына (маусым, қараша) қатысуы

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Комиссар, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ (келісім бойынша), ЭБЖМ

2014 жылғы шілде, желтоқсан

2014 – 2016 жылдарға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және оның шегінде (009 «Халықаралық имидждік көрмелерді ұйымдастыру бойынша қызметтер» бюджеттік бағдарламасы)

                                                                   »;

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 24-1-жолмен толықтырылсын:

      «

24-1.

ХКБ Бас ассамблеясының 155-ші сессиясында Тіркеу дерекнамасын бекіту

ХКБ шешімі

Комиссар, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ (келісім бойынша)

2014 жылғы маусым

талап етілмейді

                                                                   »;

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 35-1 және 35-2-жолдармен толықтырылсын:

      «

35-1.

ЭКСПО-2017 маскоты (символ) нұсқаларын әзірлеу

символдың нұсқалары

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ (келісім бойынша), МАМ

2014 жылғы қыркүйек

2014 – 2016 жылдарға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және оның шегінде (009 «Халықаралық имидждік көрмелерді ұйымдастыру бойынша қызметтер» бюджеттік бағдарламасы)

35-2.

Мемлекеттік комиссияда ЭКСПО-2017 маскотын (символ) таңдау бойынша халықтық онлайн дауыс беруі нәтижелерінің тұсаукесері

тұсаукесер

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ (келісім бойынша), МАМ

2014 жылғы қараша

талап етілмейді

                                                                   »;

      реттік нөмірі 38-жолдағы «Орындау мерзімі» деген баған мынадай редакцияда жазылсын:
      «2014 жылғы желтоқсан»;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 43-1, 43-2, 43-3 және 43-4-жолдармен толықтырылсын:

      «

43-1.

Көрме кешені объектілері құрылыстың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу

Мемлекеттік сараптаманың қорытындысы бар техникалық-экономикалық негіздеме

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ (келісім бойынша), ӨДМ, ҚОСРМ, Астана қаласының әкімдігі

2014 жылғы наурыз

2014 – 2016 жылдарға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және оның шегінде (009 «Халықаралық имидждік көрмелерді ұйымдастыру бойынша қызметтер» бюджеттік бағдарламасы)

43-2.

Көрме кешені объектілерінің құрылысына жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу

жобалау-сметалық құжаттама

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ (келісім бойынша), ӨДМ, ҚОСРМ, Астана қаласының әкімдігі

2013 жылғы қараша – 2015 жылғы желтоқсан

2014 – 2016 жылдарға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және оның шегінде (025 «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ-на нысаналы салым» бюджеттік бағдарламасы)

43-3.

ЭКСПО-2017 көрме кешенінің құрылыс-монтаж жұмыстарының кестесін әзірлеу

құрылыс кестесі

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ (келісім бойынша), ӨДМ, ҚОСРМ, Астана қаласының әкімдігі

2014 жылғы мамыр

талап етілмейді

43-4.

ЭКСПО-2017 көрме кешенінің құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу және аяқтау

пайдалануға беру актісі

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ (келісім бойынша), ӨДМ, ҚОСРМ, Астана қаласының әкімдігі

2017 жылғы қаңтар

2014 – 2016 жылдарға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және оның шегінде (025 «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ-на нысаналы салым» бюджеттік бағдарламасы)

                                                                   »;

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 56-1, 56-2 және 56-3-жолдармен толықтырылсын:

      «

56-1.

ЭКСПО-2017 «Болашақ энергиясы» тақырыбына арналған жыл сайынғы форумды дайындау және өткізу

ЭБЖМ-ге ақпарат

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ (келісім бойынша), ҚОСРМ, СІМ, Астана қаласының әкімдігі

2014 жылғы қазан

2014 – 2016 жылдарға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және оның шегінде (009 «Халықаралық имидждік көрмелерді ұйымдастыру бойынша қызметтер» бюджеттік бағдарламасы)

56-2.

Астана қаласында және Қазақстанның өңірлерінде «Болашақ энергиясы» көрме тақырыбына байланысты жастар, бұқаралық және мәдени іс-шаралар өткізу

ЭБЖМ-ге ақпарат

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ (келісім бойынша), БҒМ, МАМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2014 жыл бойы

2014 – 2016 жылдарға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және оның шегінде (009 «Халықаралық имидждік көрмелерді ұйымдастыру бойынша қызметтер» бюджеттік бағдарламасы)

56-3.

Мынадай:
1) ЭКСПО-2017 тақырыбын танымал ету бойынша;
2) жасыл технологияларды пайдалана отырып, пилоттық жобаларды іске асыру бойынша;
3) «Жасыл көпір» әріптестік бағдарламасының жыл сайынғы конференция-көрмесіне қатысу бойынша іс-шараларды өткізу

ҚОСРМ-ге ақпарат

облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша), «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ (келісім бойынша), «Парасат» холдингі (келісім бойынша), «Зерде» холдингі (келісім бойынша), «Ұлттық медициналық холдинг» (келісім бойынша), «Назарбаев Университеті» ДБҰ (келісім бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар

жыл сайын: 2014 жылғы 10 шілде, 2015 жылғы 10 қаңтар және 10 шілде, 2016 жылғы 10 қаңтар және 10 шілде, 2017 жылғы 10 қаңтар және 10 шілде

талап етілмейді

                                                                   »;

      мынадай мазмұндағы бөліммен толықтырылсын:

      «

Барынша жоғары экономикалық тиімділікке қол жеткізуге бағытталған іс-шаралар

79.

Демеушілерді тарту, кемінде 8

ЭБЖМ-ге ақпарат

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ (келісім бойынша), СІМ, ИЖТМ, ҚОСРМ

жыл сайын: 2014 жылғы желтоқсан, 2015 жылғы желтоқсан, 2016 жылғы желтоқсан, 2017 жылғы маусым

талап етілмейді

80.

Жаңа технологиялардың көшбасшылары әлемдік брендтерін тарту (халықаралық конференцияларға және көрмелерге қатысу, форумдарды ұйымдастыру және басқа), кемінде 8

ЭБЖМ-ге ақпарат

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ (келісім бойынша), СІМ, ИЖТМ, ҚОСРМ

жыл сайын: 2014 жылғы желтоқсан, 2015 жылғы желтоқсан, 2016 жылғы желтоқсан, 2017 жылғы маусым

талап етілмейді

81.

ЭКСПО-2017 өткізуден тікелей және жанама экономикалық нәтижелерді бағалау

ЭБЖМ-ге ақпарат

ИЖТМ, ӨДМ, ККМ, АШМ, ҚОСРМ, СА, БҒМ, Еңбекмині, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ (келісім бойынша)

жыл сайын, 2015 жылғы 15 мамырдан бастап 2018 жылғы 15 мамырға дейін

талап етілмейді

82.

ЭКСПО-2017 объектілерін көрмеден кейін пайдалану тәсілдерін іске асыру тетігін әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

ҚОСРМ (жинақтау), Қаржымині, ЭБЖМ, МАМ, Астана қаласының әкімдігі, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ (келісім бойынша), «Назарбаев Университеті» ДБҰ (келісім бойынша)

2017 жылғы сәуір

талап етілмейді

                                                                   ».

      көрсетілген Ұлттық жоспарға ескертпеде:
      «БҒМ – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      «Еңбекмині – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі»;
      «Қоршағанортамині – Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «ҚОСРМ – Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі»;
      «БҚА – Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «БҚА – Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік)»;
      «БҚА – Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      «СА – Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                                     С. Ахметов