"Қазақстан Республикасында ғарыш қызметiн дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 29 қазандағы № 1125 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 1382 қаулысы

      Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасында қалыптасқан күрделі экономикалық және қаржылық ахуалға байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасына ресми ізгілік көмек көрсету үшін Қазақстан Республикасының және басқа да мемлекеттердің аумағындағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін 2013 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен айырбасталатын күнгі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми бағамы бойынша 200000 (екі жүз мың) АҚШ долларына баламалы сомада қаражат бөлсін.
      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көрсетілген қаражатты арнайы банктік шотқа аударуды қамтамасыз етсін:

      Account Name:          Deputy Secretary to Treasury
      Account Number:        4201
      Swift Code:            CBCELKLXXXX
      Beneficiary:           Central Bank of Sri Lanka

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бөлінген қаражаттың пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов