"Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1684 қаулысына өзгеріс пен толықт

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 1367 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 754 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.09.2015 № 754 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын мемлекеттік есепке алу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2336 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 5 73-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын мемлекеттік есепке алу ережесінде:
      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «13. Әр шаруашылық бойынша есепке алу шеңберінде кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдері Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасына сәйкес тұрғын үйлер мен тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) есепке алуды жүргізеді, тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастырады.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов