Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік өртке қарсы қызмет өрттен қорғайтын қоныстану аумақтарының және мемлекеттік меншіктегі аса маңызды объектілердің тізбелерін бекіту туралы" 2005 жылғы 15 желтоқсандағы № 1251 және "Министрліктер мен өзге де ор

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 1365 қаулысы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.09.2015 № 754 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1684 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 16, 254-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген «Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларында:
      68-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «68. Жеке кіретін есік ұйымдастыру және оның маңындағы аумақты қоршау арқылы ауылдық елді мекендердегі мектептердің салынып жатқан ғимараттарына медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункттерді жапсарлас салуды қоспағанда, объектілердің аумағында олардың қызметімен байланысы жоқ объектілерді орналастыруға жол берілмейді.»;
      326-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Инклюзивтік сыныптарды (топтарды) жиынтықтау кезінде мүмкіндіктері шектеулі оқушылардың (балалардың) дені сау құрбыларына қатысты арақатынасы үш адамға біреу болып есептеледі.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов