Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 15.09.2022 № 701 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Басым тауарлар мен қызметтердің бірыңғай картасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 ақпандағы № 187 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 18, 309-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Басым тауарлар мен қызметтердің бірыңғай картасында:
"Химия өнеркәсiбi саласының басым тауарлары (тауар топтары) мен қызметтерiнiң тiзбесi" деген 4-бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 8-жолмен толықтырылсын:
"
8 | Инжинирингтік қызметтер және ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер жөніндегі қызметтер |
";
"Көлік-коммуникациялық кешен саласындағы тауарлар (тауар топтары) мен қызметтердің тізбесі" деген 7-бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 2, 3, 4 және 5-жолдармен толықтырылсын:
"
2 | Жүрдек теміржол магистральдары үшін сұранысқа ие рельстер шығару |
3 | Қазақстанның темір жолдарына арналған бағыттамалы өнімдер шығару |
4 | Технологиялық жабдыққа қызмет көрсету |
5 | Металл өңдеуші және дәнекерлеуші жабдықтарға қызмет көрсету |
";
"Мұнай және газ саласындағы тауарлар (тауар топтары) мен
қызметтердің тізбесі" деген 8-бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18 және 19-жолдармен толықтырылсын:
"
7 | Геофизикалық қызметтер |
8 | Ұңғымаларды перфорациялау |
9 | Суасты жабдығы және ұңғымаларды тестілеу |
10 | Ұңғымаларды қышқылмен өңдеу |
11 | Ұңғымаларды каротаждау |
12 | Жоғары технологиялы бұрғылау ертінділері |
13 | Қашаулар өндірісі және оларға қызмет көрсету |
14 | Ұңғымаларды цементтеу |
15 | Автоматты басқару, бақылау-өлшеу жабдықтарының қауіпсіздігі жүйелерін жобалау, әзірлеу, өндіру және оларға техникалық қызмет көрсету |
16 | Бұрандалы сорғыларды, газ тарату пункттерінің өндірісін ұйымдастыру және оларға қызмет көрсету |
17 | Геологиялық барлау |
18 | Бұрғылау жұмыстары жөніндегі қызметтер (оның ішінде теңіздік бұрғылау, көлденең бұрғылау) |
19 | Сейсмологиялық барлау |
".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | С. Ахметов |