Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығын айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 қарашадағы № 1281 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 7 қыркүйектегі № 750 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР 28.11.2014 № 258-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Заң 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан
             кепілдендірілген трансферттің мөлшерлері
      Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2014 – 2016 жылдарға арналған республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің мынадай мөлшерлері бекітілсін:
      2014 жыл – 1 480 000 000 мың теңге;
      2015 жыл – 1 380 000 000 мың теңге;
      2016 жыл – 1 380 000 000 мың теңге.
      Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 31.03.2014 № 181-V Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).
      2-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
      1. Осы Заң 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
      2. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2013 – 2015 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» 2012 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2012 ж., № 17, 113-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев