"Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы № 943 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2013 жылғы 29 қарашадағы № 1267 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 07.09.2015 № 750 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» 2009 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 7-3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген және Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің электр желілеріне берілген электр энергиясын орталықтандырылған сатып алуды және сатуды жүзеге асыратын жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығы болып айқындалсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов