"2013 - 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2012 жылғы 30 қарашадағы № 1520 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2013 жылғы 28 қарашадағы № 1261 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «2013 – 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қарашадағы № 1520 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға 42-қосымшада:
      2013 жылға арналған мемлекеттік тапсырмалардың тізбесінде:
      реттік нөмірі 70-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      «

70.

Әлеуметтiк маңызы бар және мәдени iс-шаралар өткiзу

Мемлекеттiк мерекелерді мерекелеуге арналған мерекелік iс-шараларды және салтанатты концерттердi өткiзу; Қазақстан халқы Ассамблеясына арналған салтанатты концерттi өткiзу; Мемлекет басшысының шетел делегацияларымен ресми кездесулері шеңберiнде концерттiк iс-шараларды өткiзу; Қазақстанда және шетелде мәдениет күндерiн өткiзу

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi

«Қазақ әуенде рi» АҚ

008 Әлеуметтiк маңызы бар және мәдени iс-шараларды өткізу

646 967

                                                                   ».

      2. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов