Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 47, 586-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі туралы ережеде:
16-тармақта:
6), 77) және 237) тармақшалар алынып тасталсын;
243) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«243) мүдделі министрліктермен және басқа да атқарушы органдармен бірлесіп туристерді қорғау мен олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастырады;»;
17-тармақтың 52), 170), 172) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«52) энергия үнемдеудің нормативтік-әдістемелік актілерін, құқықтық және экономикалық тетіктерін әзірлеуді ұйымдастырады;»;
«170) туристік қызмет, туризм және туристік индустрия саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;»;
«172) туристік қызмет саласындағы салааралық және өңіраралық үйлестіруді, туристік қызметті жүзеге асыратын отандық, шетелдік және халықаралық туристік, қоғамдық және басқа да ұйымдармен және тұлғалармен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асырады;».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов