"Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 8 қарашадағы № 1190 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттауды жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 ақпандағы № 127 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 20, 238-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттауды жүргізу қағидасында:
      мынадай мазмұндағы 4-1, 19-1, 19-2-тармақтармен толықтырылсын:
      «4-1. Комиссия өз қызметін мемлекеттік орган шешімінің негізінде тоқтатады.
      19-1. Мемлекеттік орган аттестаттамаған ұйымдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аттестатталмағаны  туралы шешімге шағым беруге құқылы.
      19-2. Аттестатталған және аттестатталмаған ұйымдар туралы ақпарат тиісті мемлекеттік органның интернет-ресурсында орналастырылады.»;
      «Қорытынды ережелер» деген 3-бөлім алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов