Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2013 жылға арналған жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1778 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 7, 165-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2013 жылға арналған жоспарында:
реттік нөмірі 42-жол алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 46-2-3-жолмен толықтырылсын:
«
46-2-3 |
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы объектілерінің жұмысын бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
ИЖТМ |
Шілде |
Тамыз |
Қараша |
Б.М. Жақсалиев |
».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов