"Тарихи шығындарды және геологиялық ақпарат құнын айқындау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 10 ақпандағы № 120 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 24 қазандағы № 1142 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 20 тамыздағы № 651 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 20.08.2015 № 651 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Тарихи шығындарды және геологиялық ақпарат құнын айқындау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 10 ақпандағы № 120 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 19, 231-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Тарихи шығындарды және геологиялық ақпарат құнын айқындау қағидасында:
      мынадай мазмұндағы 6-1, 7-1-тармақтармен толықтырылсын:
      «6-1. Геологиялық зерделену картограммасында: келісімшарттық аумақтың пішіні және бұрыштық нүктелерінің географиялық координаттары; келісімшарттық аумақта бұрын орындалған барлық геологиялық зерттеулердің пішіні көрсетілуге тиіс.
      Келісімшарттық аумақта орындалған барлық геологиялық-барлау жұмыстары осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша объектіде жүргізілген геологиялық-барлау жұмыстарының түгендеу ведомосына (бұдан әрі - түгендеу ведомосы) енгізіледі.
      Түгендеу ведомосынан объекті(лер)де жүргізілген нақты жұмыстар алынып тасталады және осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша олар нақты шығындары тарихи шығындардың есебінен толық алынып тасталатын геологиялық-барлау жұмыстарын алып тастау туралы анықтамаға (бұдан әрі - алып тастау туралы анықтама) енгізіледі.
      Түгендеу ведомосындағы қалған объекті(лер) бойынша жұмыстар осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша келісімшарттық аумақ бойынша тарихи шығындарға жатқызылған геологиялық-барлау жұмыстарының шығындарының бір бөлігін есептеу туралы анықтамаға (бұдан әрі - есептеу туралы анықтама) енгізіледі.
      Есептеу туралы анықтама тарихи шығындардың есебі үшін бастапқы құжат болып табылады.
      Келісімшарттық аумаққа жатқызылған тарихи шығындар жұмыстардың жүргізілген жылдары бойынша жинақталады (1961 жылға дейін орындалған жұмыстар, 1961 - 1990 жылдар кезеңінде орындалған жұмыстар және одан әрі әрбір келесі жыл шегінде). Уәкілетті органның аумақтық орган(дар)ы объект бойынша геологиялық-барлау жұмыстары бойынша тарихи шығындар есебін (бұдан әрі - тарихи шығындар есебі) осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімдейді.»;
      «7-1. Мүдделі тұлғаның сұратуы негізінде Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы және мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптары сақталған жағдайда және геологиялық немесе тау-кендік бөлуге сәйкес уәкілетті органның тапсырмасы бойынша әрбір объект бойынша тарихи шығындар есебін тиісті аумақтық орган(дар) жеті жұмыс күні ішінде жүргізеді.»;
      91113 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Барлауды немесе бірлескен барлауды және өндіруді жүргізуге арналған жер қойнауы учаскесі, сондай-ақ барлауға арналған келісімшарт негізінде кен орнын айқындаған және бағалаған және тікелей келіссөздер негізінде, конкурс өткізбей, өндіруге арналған келісімшартты жасауға айрықша құқығы бар жер қойнауын пайдаланушы бойынша тарихи шығындар геологиялық бөлу шегінде есептеледі және геологиялық бөлудің алаңына барабар көлемдегі, өңірлік геологиялық-геофизикалық (іздеу-бағалау жұмыстары алаңының шегінде орындалған), іздеу және іздеу-бағалау жұмыстарын, барлауды, қапталдар мен терең горизонттарды жете барлауды, технологиялық зерттеулерді, өнеркәсіптік алаңдардың кенсіздігін зерттеуді, болашақ өндіруші кәсіпорынды сумен жабдықтауға арналған гидрогеологиялық зерттеулерді, ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-әдістемелік, тәжірибелік-конструкторлық және жер қойнауы учаскесін зерделеуге байланысты басқа да зерттеулерді қамтиды.
      Конкурс жеңімпазына немесе тікелей келіссөздер негізінде өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын алған тұлғаға тарихи шығындар тау-кендік бөлу шегінде есептеледі және өңірлік геологиялық-геофизикалық (іздеу-бағалау жұмыстары алаңының шегінде орындалған), іздеу және іздеу-бағалау жұмыстарын, барлауды, қапталдар мен терең горизонттарды жете барлауды, технологиялық зерттеулерді, өнеркәсіптік алаңдардың кенсіздігін зерттеуді, болашақ өндіруші кәсіпорынды сумен жабдықтауға арналған гидрогеологиялық зерттеулерді, ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-әдістемелік, тәжірибелік-конструкторлық және жер қойнауы учаскесін зерделеуге байланысты басқа да зерттеулерді қамтиды.
      Егер өндіру жүргізу үшін жер қойнауын пайдалануға кен орындары қорларының бір бөлігі берілген болса, онда тарихи шығындар кен орындарының жалпы қорларынан осы қорлардың осы бөлігіне барабар есептеледі.»;
      «11. Тарихи шығындар жұмыстардың жүргізілген жылдары бойынша (1961 жылға дейін орындалған жұмыстар, 1961 - 1990 жылдар кезеңінде орындалған жұмыстар және одан әрі әрбір келесі жыл шегінде) жұмыс түрлері бойынша жинақталады. Осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша геологиялық барлау жұмыстарының тиісінше мұнай мен газға, қатты пайдалы қазбалар мен суға, геофизикалық және ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған құнының салаішілік индекстерінің өзгеруі өткен жылдардың шығындарын 1996 жылғы бағаға қайта есептеуге негіз болады.
      1961 жылға дейінгі шығындарды 1961 - 1990 жылдардағы бағаға қайта есептеу үшін шығындар он есе азайтылады. Шығындарды теңгеге қайта есептеу үшін 1961 - 1990 жылдардағы рубль шығындары 0,002 коэффициентіне көбейтіледі.
      1961 жылға дейін жүргізілген геологиялық барлау және басқа да жұмыстардың шығынын 1996 жылғы бағаға (теңге) қайта есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

      Тш96 = Өжш х И 91 х 0,002 х И96, мұнда:
                     10

      Тш96 - 1996 жылғы бағамен тарихи шығындар;
      Өжш - өткен жылдардың шығындары;
      И 91 - 1991 жылғы геологиялық барлау жұмыстары құнының 1990 жылғы бағаға өзгеру индексі;
      0,002 - теңгеге аудару коэффициенті;
      И 96 - 1996 жылғы геологиялық барлау жұмыстары құнының 1991 жылғы бағаға өзгеру индексі.
      1961 жылдан 1990 жылға дейінгі шығындарды 1996 жылғы бағаға қайта есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
      Тш 96 = Өжш х И91 х 0,002 х И96
      1991 жылдан бергі шығындарды 1996 жылғы бағаға қайта есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
      Тш 96 = Өжш х 0,002 х И96
      1992 жылдан бергі шығындарды 1996 жылғы бағаға қайта есептеу қайта есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
      Тш 96 = Өжш х 0,002: И(92-95) х И96,
      мұнда: И(92-95) - жылдар бойынша геологиялық барлау жұмыстары құнының өзгеру индекстері (0,002 коэффициенті ұлттық валюта енгізілгеннен кейін қолданылмайды).
      1996 жылғы бағамен тарихи шығындар 1997 жылғы 1 қаңтардағы бағам бойынша АҚШ долларына аударылады. 1996 жылдан кейін мемлекет шеккен тарихи шығындар атқарылған жұмыстар бойынша шығындарды есептен шығару күнгі бағам бойынша АҚШ долларына аударылады. Тарихи шығындардың есебін дайындау кезінде АҚШ долларымен алынған шығынның құны ағымдағы бағам бойынша ұлттық валютаға аударылады.»;
      «13. Мемлекет қаражатынан алынбаған, бірақ мемлекеттің меншігіндегі геологиялық ақпараттың құнын айқындау үшін нәтижесінде геологиялық ақпарат алынған геологиялық барлау жұмыстарына арналған шығындардың сомасынан барлауға арналған пайыздық ставкалар осы Қағиданың 12-тармағында белгіленген тәртіппен қолданылады.
      14. Құпиялылық туралы келісімдерде геологиялық ақпараттың құны Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында көрсетіледі.»;
      осы қаулыға 12345-қосымшаларға сәйкес 1, 2, 3, 4, 5-қосымшалармен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2013 жылғы 24 қазандағы
№ 1142 қаулысына  
1-қосымша      

Тарихи шығындарды және
геологиялық ақпарат құнын
айқындау қағидасына  
1-қосымша       

Бекітемін                
__________________________
(Аумақтық бөлімше)   
басшысы __________________
(Т.А.Ә. қолы, мөр)
2013 ж. «   »         №  

Объектіде жүргізілген геологиялық-барлау жұмыстарын түгендеу
ведомосы

                                Келісімшарттық аумақтың координаттары

       Келісімшарттық аумақтың ауданы ______________________ шаршы км

Жер қойнауын пайдаланушы/жеке немесе заңды тұлға       Келісімшарт №
                                                     (құзырлы органда
                                                      тіркелген күні)

Р/с

Пішінінің №№, Түгендеу нөмірі

Жұмыстардың атауы, көлемі, геологиялық-барлау жұмыстары жүргізілген жыл, орындаушы мекеме, есептің авторлары

Алаңның координаттары шаршы км

Геологиялық-барлау жұмыстарының негізгі нәтижелері

Орындалған жұмыстар көлемі және олар бойынша шығындар

Физикалық көлем

Қаржылық шығындар

1

2

3

4

5

6

7








Аумақтық органның орындаушысы               Т.А.Ә. __________________
                                                        (қолы)

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2013 жылғы 24 қазандағы
№ 1142 қаулысына  
2-қосымша      

Тарихи шығындарды және
геологиялық ақпарат құнын
айқындау қағидасына  
2-қосымша       

Келісімшарттық аумақ бойынша тарихи шығындар есебінен
геологиялық-барлау жұмыстарын алып тастау туралы
анықтама

Жер қойнауын пайдаланушы/жеке немесе заңды тұлға       Келісімшарт №
                                                     (құзырлы органда
                                                      тіркелген күні)

Р/с

Пішіннің №№, түгендеу нөмірі

Қаржылық шығындар

Алып тастау себептері

1

2

3

4





Аумақтық органның орындаушысы               Т.А.Ә. __________________
                                                         (қолы)

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 24 қазандағы
№ 1142 қаулысына   
3-қосымша      

Тарихи шығындарды және
геологиялық ақпарат құнын
айқындау қағидасына  
3-қосымша       

Келісімшарттық аумақ бойынша тарихи шығындарға жатқызылған,
геологиялық-барлау жұмыстарына арналған шығындар бөлігін
есептеу туралы анықтама

Жер қойнауын пайдаланушы/жеке немесе заңды тұлға       Келісімшарт №
                                                     (құзырлы органда
                                                      тіркелген күні)

Р/с

Пішіннің №№, түгендеу нөмірі

Жалпы ауданы, шаршы км

Келісімшарттық аумаққа жатқызылатын алаң, шаршы км немесе геологиялық-барлау жұмыстарының физикалық көлемінің %-ы

Жалпы ауданынан % немесе геологиялық-барлау жұмыстарының физикалық көлемінен %

Жалпы шығындар

Келісімшарттық аумаққа жатқызылатын шығындар

Геологиялық-барлау жұмыстарының жүргізілген жылы

1

2

3

4

5

6

7

8









Аумақтық органның орындаушысы               Т.А.Ә. __________________
                                                         (қолы)

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 24 қазандағы
№ 1142 қаулысына   
4-қосымша      

Тарихи шығындарды және
геологиялық ақпарат құнын
айқындау қағидасына  
4-қосымша       

Бекітемін                
__________________________
(Аумақтық бөлімше)   
басшысы __________________
(Т.А.Ә. қолы, мөр)
2013 ж. «   »         №  

Объект бойынша геологиялық-барлау жұмыстары бойынша тарихи
шығындардың есебі

                                Келісімшарттық аумақтың координаттары

       Келісімшарттық аумақтың ауданы ______________________ шаршы км

Жер қойнауын пайдаланушы/жеке немесе заңды тұлға       Келісімшарт №
                                                     (құзырлы органда
                                                      тіркелген күні)

Тарихи шығындардың есебі ____________________________________________
                                 (аумақтық бөлімшенің атауы)
_____________________________________________________________________
    тау-кендік/геологиялық бөлудің нөмірі, тіркеу күні, уәкілетті
                           органның хаты)
тау-кендік/геологиялық бөлудің және уәкілетті органның рұқсаты
негізінде жүргізілді.
      Түгендеу ведомосында (Қағидаға 1-қосымша) көрсетілген
геологиялық-барлау жұмыстарынан тарихи шығындарды есептеу кезінде
жұмыстар алынып тасталды (Қағидаға 2-қосымша).
      Қалған жұмыстар бойынша шығындар лицензияланатын объектіге
лицензияланатын ауданға барабар түрде жатқызылады (3-қосымша).
      Келісімшарттық аумаққа жатқызылған геологиялық-барлау
жұмыстарының тарихи шығындары төмендегіні құрайды.

Р/с

Геологиялық-барлау жұмыстары жүргізілген жыл

Өткен жылдардың шығындары

Есептеу формуласы

Геологиялық-барлау жұмыстарының шығындары, мың теңге

1

2

3

4

5

Қатты пайдалы қазбалар мен суға арналған геологиялық-барлау жұмыстары

1.

1961 жылға дейін

Өжш

х1,45хО,002,И96/10=


2.

1961-1990

Өжш

х1,45хО,002,И96=


3.

1991-1996

Өжш

хО,002,И96=


4.

1992-1996

Өжш

х0,002:И(92-95)хИ96=


5.

1996

Өжш

х1,0=


Мұнай мен газға арналған геологиялық-барлау жұмыстары (терең бұрғылау) ұқсас

1

2

3

4

5






Ғылыми-зерттеу жұмыстары ұқсас

1

2

3

4

5






Геофизикалық жұмыстар ұқсас

1

2

3

4

5






1997 жылғы 1 қаңтардағы бағамен жиыны:

      1997 жылғы 1 қаңтардағы бағам бойынша 1 АҚШ доллары 73,95
теңгені құрағанда, геологиялық-барлау жұмыстарының тарихи шығындары
АҚШ долларымен
_____________________________________________________________________
                     (теңгені АҚШ долларына аудару)
құрайды.
_____________________________________________________________________
                                (атауы)
(кен орнының, аймағының, өңірінің, ауданының) алаңындағы геологиялық-
барлау жұмыстары бойынша шығындар
___________________________________________ мың АҚШ долларын құрайды.
      Келісімшарттық аумаққа жатқызылған геологиялық-барлау
жұмыстарының тарихи шығындары ағымдағы бағам бойынша 1 АҚШ доллары
________ теңгені құрағанда, ____________________ мың теңгені құрайды.

Аумақтық органның орындаушысы               Т.А.Ә. __________________
                                                         (қолы)

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2013 жылғы 24 қазандағы
№ 1142 қаулысына  
5-қосымша     

Тарихи шығындарды және
геологиялық ақпарат құнын
айқындау қағидасына  
5-қосымша       

Мұнай мен газға, қатты пайдалы қазбалар мен суға, геофизикалық
және ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған геологиялық-барлау
жұмыстарының құны өзгеруінің салаішілік
индекстері

Р/с

Орташа өлшемделген индексінің жылы

Қатты пайдалы қазбалар мен суға арналған геологиялық-барлау жұмыстары

Мұнай мен газға арналған геологиялық-барлау жұмыстары (терең бұрғылау)

Ғылыми-зерттеу жұмыстары

Геофизикалық жұмыстар

Жылдар бойынша орташа өлшемделген индексі

1

2

3

4

5

6

7

1


1,45

1,45

1,45

1,45

1,45

2


4,53

5,22

2,24



3


11,4

11,4

6,7



4


30,12

29,023

14,48



5

1992 жылғы орташа өлшемделген индексі

14,36

14,31

7,53


13,8

6


95,68

98,26

54,33



7


109,31

113,48

75,5



8


165,15

191,25

87,73



9


417,7

793,4

290,46



10

1993 жылғы орташа өлшемделген индексі

206,3

312,1

129


251,5

11


593,7

721,2

363,1

396,5


12


1418,5

1624,9

848,5

1111,5


13


3887,6

4506,6

1858,6

2956,3


14


6251,9

6936,9

2634,2

4333


15


7261,5

9806,7

4554

6062,3


16

1994 жылғы орташа өлшемделген индексі

4430,4

5403,3

2349,2

3402,45

4628,6

17


8782

15935

7946

6961


18


9118

16312

8419

7313


19


11156

20392

11448

9044


20

1995 жылғы орташа өлшемделген индексі

10081

18289,2

9854,7

8119,8

13575,6

21


11856

21350

13063

11731


22


13415

26301

14540

13427


23

1996 жылғы орташа өлшемделген индексі

12460,5

23586

13397,75

11907,25

17496