"Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2013 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1778 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 22 қазандағы № 1132 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 24 сәуiрдегi № 387 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 22, 205-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi туралы ережеде:
      16-тармақта:
      орталық аппараттың функцияларында:
      5) тармақша алынып тасталсын;
      ведомстволардың функцияларында:
      108) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «108) объектілерді концессияға беру, бюджеттік кредиттер ұсыну, концессиялық жобаларды, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін, мемлекеттің байланысты гранттары мен активтерін қоса қаржыландыру шарттары мен рәсімдерінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ оларды пайдаланудың Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкестігін бақылау;»;
      164)165) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «164) өз құзыреті шегінде республикалық меншікке жататын концессия объектілері бойынша концессия шарттарының мониторингін жүзеге асыру және мониторинг нәтижелерін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жіберу;
      165) концессия шарттарының негізінде құрылған объектілерді республикалық меншікке қабылдау;»;
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов