Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2014.10.30 № 1154 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік оң күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Инвестициялық жобаларды инвестициялық стратегиялық жобалар тізбесіне енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 тамыздағы № 1066 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 66, 948-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық жобаларды инвестициялық стратегиялық жобалар тізбесіне енгізу қағидаларында:
3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) инвестициялық жоба бойынша инвестициялардың көлемі республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің кемінде бес миллион еселенген мөлшерін құрауы тиіс.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов