"Экономикалық интеграция мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 232 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 16 қазандағы № 1100 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 77 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 17.02.2017 № 77 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Экономикалық интеграция мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 232 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) көрсетілген қаулымен құрылған Экономикалық интеграция мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамына мыналар енгізілсін:

Әбенов
Мұрат Абдуламитұлы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі

Жұманғарин
Серік Мақашұлы

Қазақстан Республикасының Өңірлік даму вице-министрі

Мұхамеджанов
Бектас Ғафурұлы

Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі

Толыбаев
Марат Еркінұлы

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі

Шәйжүнісов
Аллен Сержанұлы

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары;


      мына:

"Жақсылықов
Тимур Мекешұлы

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрінің міндетін атқарушы, төрағаның орынбасары;

Жошыбаев
Рәпіл Сейітханұлы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы"


      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

"Жақсылықов
Тимур Мекешұлы

Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, төрағаның орынбасары

Жошыбаев
Рәпіл Сейітханұлы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары";


      көрсетілген құрамнан Марлен Нұрахметұлы Ысқақов, Мүслім Тайырұлы Өмірияв, Саят Болатұлы Шаяхметов, Мұрат Ескелдіұлы Омаров шығарылсын;

      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Экономикалық интеграция мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы ережеде:

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Кеңес отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ жарты жылда кемінде бір рет өткізіледі және егер онда Кеңес мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі. Кеңес отырыстарын өткізудің нәтижелері бойынша хаттама жасалады, оған міндетті түрде Кеңес төрағасы қол қояды.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

С. Ахметов