"Салық салу мәселелері жөнінде консультациялық кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1314 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 10 қазандағы № 1080 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2016 жылғы 29 қыркүйектегі № 546 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының әкімдігінің 03.12.2014 № 754 қаулысымен.
     
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
 
      «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 11 бабының 2 тармағының 3) тармақшасына1516 баптарына, 29 бабының 6 тармағына, «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңының 11 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына сәйкес Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етуге құқығы бар тұлғаларға қосымша әлеуметтік көмек көрсетілсін (бұдан әрі - әлеуметтік көмек).
      2. Әлеуметтік көмек әр мүгедек балаға ай сайын жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ұсынылсын.
      3. Мынадай шарттар белгіленсін:
      1) мүгедек балаларға (мемлекеттік толық қамтуындағы мүгедек балалардан басқа) әлеуметтік көмек отбасының табысына қатыссыз, үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек баланың ата-анасының немесе заңды өкілінің біреуіне төленеді;
      2) әлеуметтік көмек өтініш берген айдан бастап, «Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі жанындағы ведомствоаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің қорытындысына белгіленген мерзім аяқталғанға дейін беріледі;
      3) әлеуметтік көмекті төлеу қаржыландырудың түсуіне қарай өткен айға төленеді. Әлеуметтік көмек төлемін тоқтатуға әкеп соғатын (мүгедек баланың 18 жасқа толуы, мүгедек баланың қайтыс болуы, мүгедектігін алып тастау), жағдайлар болса, тиісті жағдай болған айдан кейін төлем тоқтатылады.
      4. «Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (С. Татиева) әлеуметтік көмекті тағайындауды және төлеуді қамтамасыз етсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е. Лдибаевқа жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.
 
 
 

      Аудан әкімі

Т. Мүсәпірбеков