РҚАО-ның ескертпесі!
Осы Қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2013 – 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қарашадағы № 1520 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
«III. Нысаналы даму трансферттері» деген бөлімде:
7 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» деген функционалдық топта:
«Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі» деген 214 әкімші бойынша:
«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне сумен жабдықтау жүйесiн дамытуға берiлетiн нысаналы даму трансферттері» деген 041 бағдарламада:
бағдарламаның атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Облыстық бюджеттерге ауылдық елді мекендердегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері»;
«2013 жыл» деген бағанда:
«Қызылорда облысы» деген жолда «3373983» деген сандар «3407332» деген сандармен ауыстырылсын;
«Маңғыстау облысы» деген жолда «213573» деген сандар «180224» деген сандармен ауыстырылсын;
«Солтүстік Қазақстан облысы» деген жолда «2356029» деген сандар «2356028» деген сандармен ауыстырылсын;
2. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов