"Облыстық бюджеттердiң, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң 2013 жылғы республикалық бюджеттен мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидаларын бекiту туралы"

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 қыркүйектегі № 990 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Облыстық бюджеттердiң, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң 2013 жылғы республикалық бюджеттен мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 наурыздағы № 263 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 22, 355-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Облыстық бюджеттердiң, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң 2013 жылғы республикалық бюджеттен мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыруға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидаларында:
      көрсетілген қағидаларға 1-қосымшада:
      реттік нөмірі 11-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      «

11.

Дьюар ыдысы


Көлемі 35 литр.



Дьюар ыдысы

Көлемі 6 литр.

                                                                   »;

      реттік нөмірі 15-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      «

15.

Автомашина, сыйымдылығы 500-600 литр УАЗ 390945 шассиіндегі дезинфекциялау қондырғысы (ДҚ)


Автомашина, сыйымдылығы
500-600 литр УАЗ 390945 шассиіндегі дезинфекциялау қондырғысы (ДҚ) мынадай негізгі бөліктерден тұруы тиіс: цистерна, дезинфекциялық сұйықтықтарға арналған бактар, керек-жараққа арналған жәшіктер, жұмыс ерітіндісін қыздыру жүйесі, қысым құбыры, қабылдау-тарату құбыры, компрессорлық қондырғы.

                                                                   ».

      2. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиiс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                      С. Ахметов