"Тыңайтқыштардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 мамырдағы № 491 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 қыркүйектегі № 987 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы № 189 қаулысымен

Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 189 қаулысымен.

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚAУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Тыңайтқыштардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 мамырдағы № 491 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮAЖ-ы, 2010 ж., № 35, 285-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген «Тыңайтқыштардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентінде:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Осы Техникалық регламент қолданылатын, сәйкестікті міндетті растауға жататын тыңайтқыштардың тізбесі және Кеден одағының Сыртқы экономикалық қызметі бірыңғай тауар номенклатурасына (бұдан әрі - КО СЭҚ ТН) сәйкес сыныптамасы бойынша олардың кодтары осы Техникалық регламентке қосымшада көрсетілген»;
      2) техникалық регламентке қосымшада:
      1-бағандағы «ҚР СЭҚ ТН коды» деген сөздер «КО СЭҚ ТН коды» деген сөздермен ауыстырылсын;
     мына:
«
3104 90 000 0
- өзгелері
     
                                                                  »
     деген жол алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
     «
3104 90 000
- өзгелері:
3104 90 000 1
- - карналлит
3104 90 000 9
- өзгелері
     
                                                                  »;
     мына:
«
3105 20
- үш қоректі элементтерден: азоттан, фосфордан және калийден тұратын минералдық немесе химиялық тыңайтқыштар:
3105 20 100 0
- - құрғақ сусыз өнімге шаққанда құрамында 10 мас.%-дан астам азоты бар
3105 20 900 0
- - өзгелері
     
                                                                   »
     деген жолдар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
     «
3105 20 000 0
- үш қоректік элемент: азот, фосфор және калий бар минералдық немесе химиялық тыңайтқыштар
     
                                                                  »;
     мына:
«
3105 60
- екі қоректік элементтен: фосфор және калий бар минералдық немесе химиялық тыңайтқыштар:
3105 60 100 0
- - калий супер фосфаттары
3105 60 900 0
- - өзгелері
     
                                                                   »
     деген жолдар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
     «
3105 60 000 0
- екі қоректік элемент: фосфор және калий бар минералдық немесе химиялық тыңайтқыштар

                                                                  ».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі
С. Aхметов