"Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының, 2013 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1778 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 16 қыркүйектегі № 965 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2013 жылға арналған жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1778 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2013 жылға арналған жоспарында:
      реттік нөмірі 32-жол алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 46-3-жолмен толықтырылсын:

      «

46-3

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы азаматтарының және тұруға ықтиярхаты бар адамдардың кірістерін және мүлкін декларациялауы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қаржымині

Мамыр

Қазан

Желтоқсан

Р.Е.Дәленов

».

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С.Ахметов