"Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтер

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 16 қыркүйектегі № 964 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 маусымдағы № 375 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 29.12.2021 № 614 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 44-5) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгілік қағидалары бекітілсін.

      2. Техникалық және кәсіптік білім департаменті (Қ.Қ. Бөрібеков):

      1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін;

      3) осы бұйрықты білім беру ұйымдары назарына жеткізсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау білім және ғылым вице-министрі М.А. Әбеновке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр А. Сәрінжіпов

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 11 қыркүйектегі
№ 369 бұйрығымен
бекітілген

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру
ұйымдарының түрлері қызметінің үлгілік қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 44-5) тармақшасына және "Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын, оның ішінде балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысына сәйкес әзірленді.

      2. Үлгілік қағидалар меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің тәртібін айқындайды.

      3. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары бір немесе бірнеше білім беру бағдарламаларын іске асыратын және білім алушыларға білім мен тәрбие беруді қамтамасыз ететін заңды тұлғалар болып табылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 08.01.2016 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      4. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының негізгі міндеттері:

      1) білім алушылардың ұлттық және жалпы адами құндылықтардың, ғылым мен практика жетістіктерінің негізінде жеке адамның кәсіби қалыптасуына бағытталған сапалы білім алуы үшін жағдайлар жасау;

      2) білім алушылармен кәсіби бағдар беру жұмысын қамтамасыз ету;

      3) еңбек нарығының сұраныстарына сәйкес теориялық оқыту мен өндірістік оқыту арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ету;

      4) кәсіптік білімнің қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын сұраныстарына уақытылы бейімделуіне ықпал ететін оқытудың жаңа технологияларын енгізу;

      5) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім бойынша білім беру бағдарламаларын өндіріспен кіріктіру.

      5. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының түрлеріне:

      1) колледж;

      2) училище;

      3) кәсіптік даярлау оқу орталығы;

      4) мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған колледж;

      5) түзету мекемесі жанындағы кәсіптік даярлау оқу орталығы;

      6) түзету мекемесі жанындағы колледж;

      7) әскери-техникалық колледж жатады.

      6. Орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының түрлеріне:

      1) колледж;

      2) жоғары колледж;

      3) училище жатады.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 08.01.2016 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      7. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының тіл саясаты Қазақстан Республикасының Конституциясына және "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

      8. Осы Үлгілік қағидаларда мынадай түсініктер қолданылады:

      1) колледж – жалпы орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны (бұдан әрі – Колледж);

      2) мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған колледж - I және II топтағы мүгедек, бала кезінен мүгедек, мүгедек балалар қатарынан, мүмкіндігі шектеулі балаларға жалпы орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;

      3) жоғары колледж (бұдан әрі – ЖК) – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің интеграцияланған модульді білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;

      4) училище – мәдениет және өнер саласындағы негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 08.01.2016 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

2. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім
беру ұйымдарының түрлері қызметінің тәртібі
1-параграф. Колледж,
(мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған колледж)

      9. Колледж өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, сондай-ақ осы Үлгілік қағидаларға сәйкес жүзеге асырады.

      10. Колледждер өз құрылымын қалыптастыруды және оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруды, кадрларды іріктеу мен орналастыруды, оқу-әдістемелік, қаржы-шаруашылық қызметін өз бетінше жүзеге асырады.

      11. Жеке адамның сұраныстары мен мүмкіндіктерін, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алудың қолжетімділігіне жағдайлар жасауды есепке ала отырып, білім беру бағдарламаларының мазмұнына қарай оқыту күндізгі, кешкі, сырттай нысандарда жүзеге асырылады (кешкі және сырттай нысанда білім алуға рұқсат етілмейтін жекелеген кәсіптер мен мамандықтардан басқа).

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 08.01.2016 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      12. Колледждер оқытудың жаңа нысандарын, әдістемелерін және технологияларын таңдау мен пайдалану тәртібінде дербес.

      13. Колледждерде оқу жұмысын есепке алу теориялық және өндірістік оқытуды есепке алу журналдарын және оқу бағдарламаларын оқыту сағаты бойынша орындауды есепке алу табельдерін жүргізу жолымен жүзеге асырылады.

      14. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі бар азаматтарға қысқартылған бағдарлама бойынша оқыту үшін қабылдау емтихандарын тапсыру нысанын білім беру ұйымы белгілейді.

      15. Колледждерде білім алушылардың қатарына студенттер (курсанттар) және тыңдаушылар жатады.

      16. Колледждегі білім алушылар мен педагогтердің құқықтары мен міндеттері білім саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 07.04.2020 № 132 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесіне сәйкес (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5191 болып енгізілді) (бұдан әрі - Ағымдық бақылауды жүргізудің үлгілік ережесі) жүзеге асырылады. Аралық аттестаттаудың нәтижелері бойынша 2-ден аспайтын "3" деген қанағаттанарлық бағасы бар білім алушыларға емтиханды бағалаудың оданда жоғары деңгейіне қайта тапсыруға рұқсат беріледі.

      18. Колледждерде, меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, оқу жылы оқу процесінің кестесіне сәйкес басталады және аяқталады.

      Білім алушылар үшін толық оқу жылы бойы кемінде екі рет жалпы ұзақтылығы 11 аптадан аспайтын, оның ішінде қысқы кезеңде – кемінде 2 апта демалыс белгіленеді.

      Колледждерде оқу кестесі оқу процесінің кестесіне және жұмыс оқу жоспарларына сәйкес жасалады.

      Аудиториялық сабақтардың барлық түрлері үшін 5 минуттық үзіліспен ұзақтығы 45 минут академиялық сағат белгіленеді, 2 академиялық сағаттан кейін 10 минуттық үзіліспен қосарланған сабақтар өткізуге болады.

      Білім алушылардың тамақтануы және белсенді демалуы үшін екі қосарланған сабақтан кейін ұзақтығы кемінде 15 минут үзіліс қарастырылады.

      19. Колледждерде оқу сабақтары сабақтар, дәрістер, семинарлар, практикалық сабақтар, зертханалық, бақылау және өзіндік жұмыстар, консультациялар, әңгімелесулер, факультативтік сабақтар, курстық және дипломдық жобалар, жұмыстар және оқу сабақтарының басқа нысандары түрінде өткізіледі.

      20. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушылармен оқу сабақтарын ұйымдастыру және өткізу үшін оқу топтары құрылады.

      21. Техникалық және кәсіптік бiлiм беретін оқу орындарында оқу топтары оқытудың күндізгі нысанында мамандықтар бойынша саны 25 адамнан артық емес (әскери мамандықтар бойынша 30 адамға дейін), сыртқы, кешкі оқыту нысанында кемінде 15 адамнан жинақталады.

      Техникалық және кәсіптік бiлiм беру ұйымдарында кәсіп немесе мамандық бейінінің ерекшеліктеріне қарай білім алушылармен жеке сабақтар өткізіледі.

      22. Тізбесі оқу жоспарына сәйкес анықталатын зертханалық жұмыстарды, практикалық сабақтарды өткізуде, оның ішінде дене тәрбиесi мен жекелеген пәндер бойынша, шеберханаларда (оқу полигондарында және оқу шаруашылықтарында) өндірістік оқыту кезінде оқу топтарының саны 13 адамнан аспайтын кіші топтарға, медициналық және фармацевтикалық білім беру ұйымдарында клиникалық пәндер бойынша саны 8 адамнан аспайтын кіші топтарға бөлiнедi.

      23. Колледждердің білім беру процесіне қатысушылар: білім алушылар мен ата-аналар, педагогтер мен кәмелетке толмаған білім алушылардың заңды өкілдері болып табылады.

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 07.04.2020 № 132 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      24. Колледждердегі педагог қызметкерлердің саны мен педагог қызметкерлер лауазымдарының тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарының (бұдан әрі - Үлгі штаттары) және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесіне сәйкес анықталады.

      25. Колледждің басшылары жұмысшылардың біліктілігін арттыруға қажетті жағдайлар жасайды.

      26. Оқу, әдістемелік, ғылыми және тәрбие жұмыстарындағы және колледждің басқа да қызметтеріндегі жетістіктері үшін қызметкерлерге моральдық және материалдық көтермелеу нысандары белгіленеді.

      27. Колледждердің педагогтер лауазымдарын ауыстыру меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.

      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 07.04.2020 № 132 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      28. Мамандықтар бойынша кадрлар даярлау бейініне қарай оқу-тәрбие процесін басқару үшін колледждерде мамандықтар (кәсіптер) топтары бойынша бөлімдер және басқа да құрылымдық бөлімшелер құрылады.

      Бөлімдер (күндізгі, сырттай, кешкі) бір немесе бірнеше мәндес мамандықтар мен кәсіптер бойынша кадрлар даярлау кезінде құрылады.

      29. Бөлімді колледж басшысы тағайындайтын меңгеруші жүзеге асырады.

      Бөлім меңгерушісі:

      1) Бөлімде оқу және тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен тікелей басқаруды;

      2) оқу жоспарлары мен бағдарламаларын орындауды;

      3) білім алушылардың үлгерімін есепке алуды ұйымдастыруды;

      4) білім алушылардың тәртібін бақылауды;

      5) курстық және дипломдық жобалау кезінде білім алушылардың жұмысын бақылауды;

      6) стипендиялық комиссияның жұмысына қатысуды (күндізгі нысан);

      7) бөлім бойынша жұмысты есепке алу және есеп беруді қамтамасыз етеді.

      30. Колледждегі бөлімдер (Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің колледждерінен басқа):

      1) оқытудың күндізгі нысаны кезінде бір немесе бірнеше мәндес мамандықтар мен кәсіптер бойынша кемінде 150 білім алушы болғанда;

      2) оқытудың сырттай, кешкі нысандары кезінде кемінде 100 білім алушы болғанда құрылады.

      31. Оқу-тәрбие процесін сапалы ұйымдастыруды қамтамасыз ету мақсатында Колледждің құрамына оқу-консультативтік пункттер, спорт базалары мен ғимараттар, жатақханалар, оқу-өндірістік шеберханалар, зертханалар, полигондар, оқу шаруашылықтары және білім беру процесімен байланысты басқа да құрылымдық бөлімшелер кіреді.

      32. Білім алушыларды өндірістік оқыту оқу-өндірістік шеберханаларда, зертханаларда, полигондарда, колледждердің оқу шаруашылықтарында, шарт негізінде жұмыс берушілер ұсынатын оқушы орындарында жүзеге асырылады.

      Оқу-өндірістік жұмыстарын орындау өндірістік оқытудың оқу бағдарламаларына сәйкес тауарлар (жұмыстар мен қызметтер) шығаруды ұйымдастыруды көздейді.

      Әскери мамандықтар бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асыратын колледждер білім алушылардың лауазымдық міндеттерін орындауда практикалық дағдыларды игеру және жетілдіру мақсатында әскери тағылымдама ұйымдастырады.

      33. Кәсіптік практика колледждердің оқу-өндірістік шеберханаларында, зертханаларында, полигондарында, оқу шаруашылықтарында және шарттық негізде практика базалары ретінде белгіленген кәсіпорындарда, ұйымдарда өткізіледі.

      Практика базалары болып табылатын ұйымдармен шарттар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 582 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімдемесінде № 5053 болып тіркелген) Білім алушылардың кәсіптік практикасын өткізуге арналған шарттың үлгілік нысаны (бұдан әрі – Үлгілік шарт) негізінде жасалады.

      34. Оқу-өндірістік шеберханалар төмендегіні қамтамасыз ететін оқу және өндірістік базалар болып табылады:

      1) теориялық оқытуды өндірістік еңбекпен ұштастыру;

      2) оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес білім алушылардың кәсіптік дағдыларға ие болуы;

      3) өнімдер шығаруды, шеберханаларға арналған құралдар мен жабдықтарды, кабинеттер мен зертханаларға арналған көрнекі құралдар мен аспаптарды жасауды, сондай-ақ жабдықтар, машиналар мен механизмдерді жөндеуді ұйымдастыру;

      4) оқу жоспарлары мен бағдарламаларының талаптарын орындау шеңберінде кәсіпорындарға, ұйымдарға және халыққа ақылы қызметтер көрсету.

      Оқу шаруашылықтарында өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығының технологиясы бойынша әртүрлі зертханалық-практикалық сабақтар және ауылшаруашылық жұмыстары (оқу шаруашылығының егістіктері мен фермаларында) жүргізіледі.

      Оқу полигондарында автомобильдерді, тракторларды, жабдықтар мен механизмдерге қызмет көрсету және пайдалану бойынша өзі жүретін машиналарды жүргізу бойынша оқыту өткізіледі.

      35. Оқу шеберханаларын, оқу шаруашылықтарын оқу-өндірістік жұмыстарды орындау жөніндегі тізбені, мазмұнды және талаптарды колледж айқындайды.

      36. Колледждерде басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына, осы Үлгілік қағидаларға және оқу орнының жарғысына сәйкес дара басшылық пен алқалылық қағидаттарында жүзеге асырылады.

      Колледждерді тікелей басқаруды басшы жүзеге асырады.

      37. Білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеу сапасын, оқытушылардың педагогикалық шеберлігін арттыру және әдістемелік жұмыстарды жетілдіру мақсатында колледждерде алқалық басқару органдары құрылады.

      Колледждердің алқалық басқару нысандары педагогикалық, оқу-әдістемелік, қамқоршылық кеңестер болып табылады.

2-параграф. Жоғары колледж

      Ескерту. 2-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 08.01.2016 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      38. ЖК өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдары мен нормативтік актілеріне, сондай-ақ осы Үлгілік қағидаларға сәйкес жүзеге асырады.

      Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 08.01.2016 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      39. ЖК оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруды, кадрларды іріктеу мен орналастыруды, оқу-әдістемелік, қаржы-шаруашылық қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасында, осы Үлгілік қағидалар мен ЖК жарғыларында белгіленген шектерде дербес жүзеге асырады.

      Ескерту. 39-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 08.01.2016 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      40. ЖК жүзеге асыратын оқу, оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысын жоспарлау және есепке алу оқу және тәрбие процесін ұйымдастырудың негізі болып табылады.

      Ескерту. 40-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 08.01.2016 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      41. ЖК-да оқу және тәрбие жұмысын жоспарлау оқу жылына арналған оқу-тәрбие процесінің кестесін және теориялық, практикалық сабақтардың кестесін бекіту жолымен жүзеге асырылады.

      Оқу-тәрбие процесінің кестесі мен оқу сабақтарының кестесін ЖК басшысы бекітеді.

      ЖК-да оқу және тәрбие жұмысын есепке алу теориялық және өндірістік оқытуды есепке алу журналдарын (еркін нысанда) және оқу бағдарламаларын оқыту сағаты бойынша орындауды есепке алу табельдерін жүргізу жолымен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 41-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 08.01.2016 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      42. ЖК оқу жұмыс жоспарларын және оқу жұмыс бағдарламаларын тиісті үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламалары негізінде әзірлейді және жұмыс берушілермен келіседі.

      Ескерту. 42-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 08.01.2016 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      43. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысымен бекітілген Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына (бұдан әрі – Қызметтің үлгілік қағидалары) сәйкес ЖК-да оқыту жеке адамның сұраныстары мен мүмкіндіктерін, білім алудың қол жетімділігіне жағдайлар жасауды есепке алғанда білім бағдарламаларының мазмұнына қарай күндізгі, кешкі, сырттай нысандарда жүзеге асырылады.

      Ескерту. 43-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 08.01.2016 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      44. Білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау Ағымдық бақылауды жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      45. ЖК-да меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан оқу жылы оқу процесінің кестесіне сәйкес басталады және аяқталады.

      ЖК-да оқу кестесі оқу процесі кестесіне және оқу бағдарламасына сәйкес жасалады.

      Ескерту. 45-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 08.01.2016 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      46. Қызметтің үлгілік қағидаларына сәйкес 5 минуттық үзіліспен ұзақтығы 45 минут академиялық сағат белгіленеді, 2 академиялық сағаттан кейін 10 минуттық үзіліспен қосарланған сабақтар өткізуге болады.

      Білім алушылардың екі қосарланған сабақтан кейін тамақтануы және белсенді демалуы үшін ұзақтығы кемінде 15 минут үзіліс қарастырылады.

      47. ЖК-да оқу сабақтары сабақтар, дәрістер, семинарлар, практикалық сабақтар, зертханалық, бақылау және өзіндік жұмыстар, консультациялар, әңгімелер, факультативтік сабақтар, курстық және дипломдық жобалар, жұмыстар және оқу сабақтарының басқа нысандары түрінде өткізіледі.

      Ескерту. 47-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 08.01.2016 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      48. Білім алушылармен оқу сабақтарын ұйымдастыру және өткізу үшін ЖК-да оқу топтары құрылады.

      ЖК-да оқу топтары мамандықтар бойынша күндізгі оқу бөлімінде саны 25 адамнан аспайтын, сырттай, кешкі оқыту бөлімдерінде кемінде 15 адамнан құралады.

      Мамандық немесе кәсіп бейінінің ерекшелігіне қарай ЖК-да жекелеген білім алушылармен жеке сабақтар өткізіледі.

      Ескерту. 48-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 08.01.2016 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      49. Тізбесі оқу жоспарына сәйкес анықталатын зертханалық жұмыстарды, практикалық сабақтарды, оның ішінде дене тәрбиесі және жекелеген пәндер, шеберханаларда өндірістік оқыту (оқу полигондарында және оқу шаруашылықтарында) бойынша сабақтар өткізу кезінде оқу топтары саны кемінде 12-13 адамнан аспайтын шағын топтарға бөлінеді.

      50. ЖК-ның білім беру процесіне қатысушылар: білім алушылар мен ата-аналар, педагогтер мен кәмелетке толмаған білім алушылардың заңды өкілдері, жұмыс берушілер болып табылады.

      Ескерту. 50-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 07.04.2020 № 132 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      51. ЖК-ның білім алушыларына студенттер, курсанттар, тыңдаушылар жатады.

      Ескерту. 51-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 08.01.2016 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      52. Мемлекеттік ЖК-дағы педагогтер лауазымдарының саны мен тізбесі Үлгілік штаттар негізінде, жеке меншік ЖК Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олардың құрылтайшылары немесе оған уәкілетті адам айқындайды.

      Ескерту. 52-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 07.04.2020 № 132 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      53. ЖК-ның педагогтеріне білім алушыларды оқытумен және тәрбиелеумен байланысты кәсіптік қызметін жүзеге асыратын тұлғалар жатады.

      Ескерту. 53-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 07.04.2020 № 132 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      54. ЖК-ның педагогтер лауазымдарын ауыстыру меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 54-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 07.04.2020 № 132 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      55. Қызметтің үлгілік қағидаларына сәйкес мамандықтар бойынша кадрлар даярлау бейініне қарай оқу-тәрбие процесін басқару үшін ЖК-да мамандықтар (кәсіптер) топтары бойынша бөлімдер және басқа да құрылымдық бөлімшелер құрылады.

      Бөлімдер (күндізгі, сырттай, кешкі) бір немесе бірнеше мәндес мамандықтар мен кәсіптер бойынша кадрлар даярлау кезінде құрылады.

      Ескерту. 55-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 08.01.2016 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      56. Бөлімді ЖК басшысы тағайындайтын меңгеруші басқарады.

      Бөлім меңгерушісі:

      1) бөлімде оқу және тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен тікелей басқаруды;

      2) оқу жоспарлары мен бағдарламаларын орындауды;

      3) білім алушылардың үлгерімін есепке алуды ұйымдастыруды;

      4) білім алушылардың тәртібін бақылауды;

      5) курстық және дипломдық жобалау кезінде білім алушылардың жұмысын бақылауды;

      6) стипендиялық комиссияның жұмысына қатысуды (күндізгі нысан);

      7) бөлім бойынша жұмысты есепке алуды және есеп беруді қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 56-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 08.01.2016 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      57. ЖК-да бөлімдер:

      1) оқытудың күндізгі нысаны кезінде бір немесе бірнеше мәндес мамандықтар мен кәсіптер бойынша кемінде 150 білім алушы болғанда;

      2) оқытудың кешкі, сырттай нысандары кезінде кемінде 100 білім алушы болғанда құрылады.

      Ескерту. 57-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 08.01.2016 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      58. Білім алушыларды өндірістік оқыту оқу-өндірістік шеберханаларда, зертханаларда, полигондарда, ЖК-ның оқу шаруашылықтарында, шарт негізінде жұмыс берушілер ұсынатын оқушы орындарында немесе жұмыс орындарында жүзеге асырылады.

      Ескерту. 58-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 08.01.2016 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      59. Оқу-өндірістік жұмыстарын орындау өндірістік оқытудың оқу бағдарламаларына сәйкес тауарлар (жұмыстар мен қызметтер) шығаруды ұйымдастыруды көздейді.

      60. ЖК-ның кәсіптік практикасын өткізу үшін шарттық негізде өндірістік оқу және кәсіптік практика базалары ретінде ұйымдар белгіленеді, олармен келісілген оқу бағдарламалары және практикадан өтудің күнтізбелік кестесі бекітіледі.

      Практика базалары болып табылатын ұйымдармен шарттар Үлгілік шарттар негізінде жасалады.

      Ескерту. 60-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 08.01.2016 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      61. Оқу-өндірістік шеберханалар, оқу шаруашылықтары, оқу полигондары ЖК-ның құрылымдық бөлімшелері мамандықтар бойынша өндірістік оқыту шеберлерінің басшылығымен кадрлар даярлау бейініне қарай өндірістік оқытудың оқу бағдарламаларының мазмұнын және кәсіптік практиканы іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында құрылады.

      Ескерту. 61-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 08.01.2016 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      62. Оқу-өндірістік шеберханалар төмендегіні қамтамасыз ететін оқу және өндірістік базалар болып табылады:

      1) теориялық оқытуды өндірістік еңбекпен ұштастыру;

      2) оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес білім алушылардың кәсіптік дағдыларға ие болуы;

      3) өнімдер шығаруды, шеберханаларға арналған құралдар мен жабдықтарды, кабинеттер мен зертханаларға арналған көрнекі құралдар мен аспаптарды жасауды, сондай-ақ жабдықтар, машиналар мен механизмдерді жөндеуді ұйымдастыру;

      4) оқу жоспарлары мен бағдарламаларының талаптарын орындау шеңберінде кәсіпорындарға, ұйымдарға және халыққа ақылы қызметтер көрсету.

      63. Оқу шаруашылықтарында өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығының технологиясы бойынша әртүрлі зертханалық-практикалық сабақтар және ауылшаруашылық жұмыстары (оқу шаруашылығының егістіктері мен фермаларында) жүргізіледі.

      Оқу полигондарында автомобильдерді, тракторларды, жабдықтар мен механизмдерге қызмет көрсету және пайдалану бойынша өзі жүретін машиналарды жүргізу бойынша оқыту өткізіледі.

      Оқу шеберханаларындағы, оқу шаруашылықтарындағы оқу-өндірістік жұмыстардың тізбесін, мазмұнын және оларды орындау бойынша талаптарды кадрлар даярлауды жүзеге асыру үшін жұмыс берушілермен келісу бойынша тікелей ЖК айқындайды.

      Ескерту. 63-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 08.01.2016 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      64. Өндірістік оқыту оқу-өндірістік шеберханаларда, оқу шаруашылықтарында, оқу полигондарында өндірістік оқыту шеберінің басшылығымен ұйымдастырылады.

      65. ЖК-да басқару Қазақстан Республикасының білім саласындағы заңнамасына, осы Қағидаларға және дара басшылық және алқалық қағидаттарға арналған оқу орнының жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.

      ЖК басқаруды тікелей басшы жүзеге асырады.

      ЖК-ның басшысы лауазымға Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте тағайындалады және босатылады.

      Ескерту. 65-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 08.01.2016 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      66. Білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу сапасын, оқытушылардың педагогикалық шеберлігін арттыру және әдістемелік жұмыстарды жетілдіру мақсатында ЖК-да алқалық басқару органдары құрылады.

      Ескерту. 66-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 08.01.2016 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      67. ЖК-ның алқалық басқару нысандары педагогикалық, оқу-әдістемелік, қамқоршылық, консультативтік кеңестер болып табылады.

      Ескерту. 67-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 08.01.2016 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

3-параграф. Училище

      68. Училищелер оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруды, кадрларды іріктеу мен орналастыруды, оқу-әдістемелік, қаржы-шаруашылық қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасында, осы Үлгілік қағидаларда және Училищенің жарғыларында белгіленген шектерде дербес жүзеге асырады.

      69. Училище жүзеге асыратын оқу, оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысын жоспарлау, есепке алу оқу және тәрбие процесін ұйымдастырудың негізі болып табылады.

      70. Училище қызметінің мәні мен мақсаты қоғамның мәдениет және өнер саласында білікті мамандарға деген әлеуметтік-экономикалық сұранысын қанағаттандыру болып табылады.

      Училище халықаралық ынтымақтастықты Қазақстан Республикасының заңнамасы және халықаралық шарттар негізінде жүзеге асырады.

      71. Училищеде оқу және тәрбие жұмысын жоспарлау оқу жылына арналған оқу-тәрбие процесінің кестесін және теориялық, практикалық сабақтардың кестесін бекіту жолымен жүзеге асырылады.

      Оқу-тәрбие процесінің кестесі мен оқу сабақтарының кестесін училище басшысы бекітеді.

      Училищелерде оқу және тәрбие жұмысын есепке алу теориялық және өндірістік оқытуды есепке алу журналдарын және оқу бағдарламаларын оқыту сағаты бойынша орындауды есепке алу табельдерін жүргізу жолымен жүзеге асырылады.

      72. Оқу жұмыс жоспарларын және оқу жұмыс бағдарламаларын училищелер тиісті үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламалары негізінде әзірлейді және жұмыс берушілермен келіседі.

      73. Білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау Ағымдық бақылау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      Училищелерде меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан оқу жылы оқу процесінің кестесіне сәйкес басталады және аяқталады.

      Білім алушылар үшін толық оқу жылы ішінде кемінде екі рет жалпы ұзақтылығы жылына 11 аптадан аспайтын демалыс белгіленеді, оның ішінде қысқы кезеңде – кемінде 2 апта.

      Училищелерде оқу кестесі оқу процесі кестесіне және оқу бағдарламасына сәйкес жасалады.

      74. Қызметтің үлгілік қағидаларына сәйкес аудиториялық сабақтардың барлық түрлері үшін 5 минуттық үзіліспен ұзақтығы 45 минут академиялық сағат белгіленеді, 2 академиялық сағаттан кейін 10 минуттық үзіліспен қосарланған сабақтар өткізуге болады.

      Білім алушылардың екі қосарланған сабақтан кейін тамақтануы және белсенді демалуы үшін ұзақтығы кемінде 15 минут үзіліс қарастырылады.

      Училищелерде оқу сабақтары сабақтар, дәрістер, семинарлар, практикалық сабақтар, зертханалық, бақылау және өзіндік жұмыстар, консультациялар, әңгімелер, факультативтік сабақтар, курстық және дипломдық жобалар, жұмыстар және оқу сабақтарының басқа нысандары түрінде өткізіледі.

      75. Білім алушылармен оқу сабақтарын ұйымдастыру және өткізу үшін Училищелерде оқу топтары құрылады.

      Училищелерде оқу топтары мамандықтар бойынша күндізгі оқу бөлімінде саны кемінде 18 адамнан құралады.

      Мамандық немесе кәсіп бейінінің ерекшелігіне қарай Училищелерде жекелеген білім алушылармен жеке сабақтар өткізіледі.

      76. Тізбесі оқу жоспарына сәйкес анықталатын зертханалық жұмыстарды, практикалық сабақтарды, оның ішінде өндірістік оқытудың арнайы пәндер бойынша сабақтар өткізу кезінде оқу жоспарына сәйкес оқу топтары саны кемінде 12-13 адамнан аспайтын шағын топтарға бөлінеді.

      77. Училищелердің білім беру процесіне қатысушылар білім алушылар, ата-аналар, педагогтер және кәмелетке толмаған білім алушылардың заңды өкілдері болып табылады.

      Ескерту. 77-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 07.04.2020 № 132 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      78. Училищелердің білім алушыларына студенттер, курсанттар, тыңдаушылар жатады.

      79. Училищелердегі педагогтер саны мен педагогикалық қызметкерлер лауазымдарының тізбесі Үлгілік штаттар негізінде айқындалады.

      Ескерту. 79-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 07.04.2020 № 132 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      80. Училищелердің педагогтер лауазымдарын ауыстыру меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.

      Ескерту. 80-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 07.04.2020 № 132 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      81. Қызметтің үлгілік қағидаларына сәйкес мамандықтар бойынша кадрлар даярлау бейініне қарай оқу-тәрбие процесін басқару үшін училищелерде мамандықтар (кәсіптер) топтары бойынша бөлімдер және басқа да құрылымдық бөлімшелер құрылады.

      Бөлімдер бір немесе бірнеше жақын мамандықтар және кәсіптер бойынша кадрлар даярлау кезінде құрылады.

      82. Бөлімді басқаруды Училищенің басшысы тағайындайтын меңгеруші жүзеге асырады.

      Бөлім меңгерушісі:

      1) Бөлімде оқу және тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен тікелей басқаруды;

      2) оқу жоспарлары мен бағдарламаларын орындауды;

      3) білім алушылардың үлгерімін есепке алуды ұйымдастыруды;

      4) білім алушылардың тәртібін бақылауды;

      5) курстық және дипломдық жобалау кезінде білім алушылардың жұмысын бақылауды;

      6) стипендиялық комиссияның жұмысына қатысуды (күндізгі нысан);

      7) бөлім бойынша жұмысты есепке алуды және есеп беруді қамтамасыз етеді.

      83. Училищелерде бөлімдер күндізгі оқыту нысаны кезінде бір немесе бірнеше мәндес мамандықтар мен кәсіптер бойынша кемінде 150 білім алушы болғанда құрылады.

      84. Білім алушыларды өндірістік оқыту және кәсіптік практикадан өткізу Училищенің арнайы жабдықталған балет залдарында, театрларда және шарт негізінде жұмыс берушілер ұсынатын өзге де шығармашылық ұжымдарда жүзеге асырылады.

      Кәсіптік практика оқу-сахналық жұмысты, оқытушының жетекшілігімен сахналық практикаға сабақтан тыс дайындықты, балет спектакльдері мен концерттерде сабақтан тыс оқу-сахналық практиканы, ерекше дарынды оқушылармен жеке практиканы, дипломдық практиканы қамтиды.

      85. Кәсіптік практиканы өткізу үшін Училищелер шарттық негізде практика базалары ретінде ұйымдарды айқындайды, олармен келісілген оқу бағдарламалары және практикадан өтудің күнтізбелік кестесін бекітеді.

      86. Училищелерде басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына, осы Үлгілік қағидаларға және Училищенің жарғысына сәйкес дара басшылық пен алқалылық қағидаттарында жүзеге асырылады.

      87. Училищелерді тікелей басқаруды басшы жүзеге асырады.

      Училищенің басшысы лауазымға Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте тағайындалады және босатылады.

      88. Білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу сапасын, оқытушылардың педагогикалық шеберлігін арттыру және әдістемелік жұмыстарды жетілдіру мақсатында Училищелерде алқалық басқару органдары құрылады.

      Училищелердің алқалық басқару нысандары педагогикалық, оқу-әдістемелік, көркемдік, қамқоршылық кеңестер болып табылады.

4-параграф. Кәсіптік даярлау оқу орталығы

      89. Кәсіптік даярлау оқу орталығы (бұдан әрі – Орталық) меншік нысанына қарамастан өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдары мен нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ Қызметтің үлгілік қағидаларына және білім беру ұйымдарының жарғысына сәйкес жүзеге асырады.

      90. Орталықтардың алдында мынадай міндеттер тұр:

      1) белгілі бір жұмыс түрін орындау үшін қажетті жаңа немесе өзгертілген кәсіби дағдыларды алуға жеке адамды қалыптастыруға бағытталған сапалы кәсіптік оқытуды ұйымдастыру үшін жағдайлар жасау;

      2) жұмысшыларды, қызметші мамандарды басқа кәсіп немесе мамандық игеруге мүмкіндік беретін кәсіптік оқыту;

      3) бұрын алынған кәсіптік білім, білік, дағдыларын кеңейту, тереңдету және жетілдіру үшін азаматтардың біліктілігін арттыру.

      91. Орталықтар оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруды, кадрларды іріктеу мен орналастыруды, оқу-әдістемелік, қаржы-шаруашылық қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шектерде дербес жүзеге асырады.

      92. Орталық жүзеге асыратын оқу, оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысын жоспарлау және есепке алу оқу және тәрбие процесін ұйымдастырудың негізі болып табылады.

      93. Орталықтарда оқу жұмысын жоспарлау оқу жылына арналған оқу-тәрбие процесінің кестесін және теориялық, практикалық сабақтардың кестесін бекіту жолымен жүзеге асырылады.

      Оқу-тәрбие процесінің кестесі мен оқу сабақтарының кестесін Орталықтың басшысы бекітеді.

      Орталықтардағы оқу жұмысын есепке алу теориялық және өндірістік оқытуды есепке алу журналдарын және оқу бағдарламаларын оқыту сағаты бойынша орындауды есепке алу табельдерін жүргізу жолымен жүзеге асырылады.

      94. Оқу жұмыс жоспарлары мен оқу жұмыс бағдарламаларын Орталықтар жұмыс берушілердің қатысуымен әзірлейді және жұмыс берушілердің келісуі бойынша бекітеді.

      Кадрларды кәсіби даярлау, қайта даярлау нысаны, мазмұны мен көлемі жұмыс берушілердің келісімі бойынша айқындалады.

      95. Орталықта оқыту жеке адамның сұраныстары мен мүмкіндіктерін, білім алудың қол жетімділігіне жағдайлар жасауды есепке алғанда білім оқу бағдарламаларының мазмұнына қарай мынадай нысандарда жүзеге асырылады: күндізгі, кешкі.

      96. Білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау Ағымдық бақылау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      97. Орталықтарда оқу сабақтары сабақтар, дәрістер, семинарлар, практикалық сабақтар, зертханалық, бақылау және өзіндік жұмыстар, консультациялар, әңгімелер және оқу сабақтарының басқа нысандары түрінде өткізіледі.

      98. Қызметтің үлгілік қағидаларына сәйкес Орталықтарда білім алушылармен оқу сабақтарын ұйымдастыру және өткізу үшін оқу топтары құрылады.

      Орталықтардағы оқу топтары мамандықтар бойынша күндізгі оқу бөлімінде саны 25 адамнан аспайтын, кешкі оқыту бөлімдерінде кемінде 15 адамнан құралады.

      Мамандық немесе кәсіп бейінінің ерекшелігіне қарай Орталықтарда жекелеген білім алушылармен жеке сабақтар өткізіледі.

      99. Орталықтың білім алушыларына студенттер, курсанттар, тыңдаушылар жатады.

      100. Орталықтың педагогтеріне білім алушыларды оқытумен және тәрбиелеумен байланысты кәсіптік қызметін жүзеге асыратын тұлғалар жатады.

      Ескерту. 100-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 07.04.2020 № 132 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      101. Білім алушыларды өндірістік оқыту оқу-өндірістік шеберханаларда, зертханаларда, полигондарда, Орталықтың оқу шаруашылықтарында, шарт негізінде жұмыс берушілер ұсынатын оқушы орындарында жүзеге асырылады.

      102. Оқу-өндірістік шеберханалар, оқу шаруашылықтары, оқу полигондары – Орталықтардың құрылымдық бөлімшелері мамандықтар бойынша кадрлар даярлау бейініне қарай өндірістік оқытудың оқу бағдарламаларының мазмұнын және кәсіптік практиканы іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында құрылады.

      Оқу-өндірістік шеберханалар төмендегіні қамтамасыз ететін оқу және өндірістік базалар болып табылады:

      1) теориялық оқытуды өндірістік еңбекпен ұштастыру;

      2) оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес білім алушылардың кәсіптік дағдыларға ие болуы;

      3) өнімдер шығаруды, шеберханаларға арналған құралдар мен жабдықтарды, кабинеттер мен зертханаларға арналған көрнекі құралдар мен аспаптарды жасауды, сондай-ақ жабдықтар, машиналар мен механизмдерді жөндеуді ұйымдастыру;

      4) оқу жоспарлары мен бағдарламаларының талаптарын орындау шеңберінде кәсіпорындарға, ұйымдарға және халыққа ақылы қызметтер көрсету.

      103. Оқу шеберханаларындағы, оқу шаруашылықтарындағы оқу-өндірістік жұмыстарды орындау жөніндегі тізбені, мазмұнды және талаптарды кадрлар даярлауды жүзеге асыру үшін жұмыс берушілермен келісу бойынша тікелей Орталық айқындайды.

      104. Орталықты тікелей басқаруды директор жүзеге асырады.

5-параграф. Түзету мекемесі жанындағы кәсіптік
даярлау оқу орталығы

      105. Түзету мекемесі жанындағы кәсіптік даярлау оқу орталығы (бұдан әрі – Оқу орталығы) өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Үлгілік қағидаларды және Оқу орталығының Жарғысын басшылыққа алады.

      106. Оқу орталығының негізгі міндеттері сотталғандарға техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметін көрсету болып табылады.

      107. Оқу орталығын ұйымдастыру және қызметі ерекшеліктері Оқу орталығының Жарғысымен және осы Үлгілік қағидалармен айқындалады.

      108. Оқу орталығына қабылдау негізгі орта (негізгі жалпы), жалпы орта (орта жалпы) білімі бар сотталғандар қатарынан жүзеге асырылады.

      109. Оқу жұмыс жоспарлары мен оқу жұмыс бағдарламаларын Орталықтар түзету мекемесі басшылығының қатысуымен әзірлейді және түзету мекемесінің басшылығымен келісу бойынша Орталық басшысы бекітеді.

      110. Сабақтардың басталу және аяқталу уақыты, сабақтар арасындағы үзілістердің ұзақтығын Оқу орталығы директорының бұйрығымен түзету мекемесінің басшылығымен келісу бойынша белгіленеді.

      111. Түзету мекемесі әкімшілігінің өкілдері сотталғандарды оқыту бойынша жұмысты жақсарту, педагогикалық кеңестің жұмысына, конференцияларға, кеңестерге және Оқу орталығы ұйымдастыратын және өткізетін басқа да іс-шараларға қатысу мақсатында Оқу орталығы әкімшілігімен келісу бойынша сабақтарға және білім беру процесімен байланысты іс-шараларға қатыса алады.

      112. Оқу орталығының басшысы түзету мекемесінің басшысымен келісу бойынша Оқу орталығының басшы педагогтерін, оқу-әдістемелік персоналын лауазымдарға тағайындайды және босатады. Оларды жұмысқа қабылдау және босату тәртібі Оқу орталығының Жарғысында айқындалады.

      Ескерту. 112-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 07.04.2020 № 132 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      113. Оқу орталығы басшысының, басшы, педагогтерінің, оқу-әдістемелік персоналының құқықтары мен міндеттері Оқу орталығының жарғысымен және түзету мекемесінің ішкі тәртіп қағидаларымен айқындалады.

      Ескерту. 113-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 07.04.2020 № 132 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      114. Оқу орталығының басшысы және педагогтер тәрбиешілер жасақтары кеңестерінің құрамына кіреді, сотталғандармен жүргізілетін тәрбие жұмысына мекеме әкімшілігімен бірлесіп қатысады.

      Ескерту. 114-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 07.04.2020 № 132 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      115. Түзету мекемесінің әкімшілігі:

      1) міндетті жалпы білім және кәсіптік оқытылуға тиісті, сондай-ақ өзінің жалпы білімін және кәсіптік деңгейін арттырғысы келетін сотталғандарды есепке алуды жүргізеді;

      2) Оқу орталығы әкімшілігінің, педагогтерінің және оқу-көмекші персоналының мекеме бөлімдері және қызметтерімен сотталғандарды оқыту, тәрбиелеу мәселелері бойынша өзара байланысын қамтамасыз етеді;

      3) Оқу орталығының педагогикалық ұжымына сотталғандарды оқыту, түзету мәселелері бойынша мекеме қызметін реттейтін құқықтық және әдістемелік құжаттарды зерделеуде көмек көрсетеді;

      4) Оқу орталығы қызметкерлерінің мекемеде белгіленген тәртіптік талаптарды сақтауына бақылау жасауды жүзеге асырады;

      5) Оқу орталықтарының қызметкерлері түзету мекемесінің аумағында болған кезде олардың қауіпсіздігін және еңбегін қорғауды қамтамасыз етеді;

      6) химиялық реактивтерді, оптикалық аспаптарды, радио-бейне, фотоаппаратуралар мен басқа да аспаптарды сақтауды қамтамасыз етеді және олардың пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады.

      Ескерту. 115-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Білім және ғылым министрінің 07.04.2020 № 132 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      116. Оқу орталығының әкімшілігі:

      1) мекеме әкімшілігімен бірлесіп отыз жасқа толмаған және жалпы орта білімі жоқ міндетті оқытылуға тиісті сотталғандарды толықтай қамтуды қамтамасыз ету бойынша жұмысты жүргізеді;

      2) сотталғандарды ұстау тәртібінің талаптарын есепке ала отырып, білім беру процесін оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес ұйымдастырады, заманауи педагогикалық технологияларды енгізеді;

      3) оқушыларға сабаққа дайындалуға, өз бетімен оқу әдістерін меңгеруге, мекеме әкімшілігіне сотталғандарды рухани-адамгершілікке тәрбиелеуге, оларды әлеуметтік бейімдеу және оңалту жұмысына көмек көрсетеді;

      4) мекеме әкімшілігіне оқудағы табысы мен тәртібі үшін білім алушыларды көтермелеу туралы өтініш береді;

      5) мекеме әкімшілігіне сотталғандар арасында тәртіпті нығайтуға барынша көмек көрсетеді;

      6) оқу-көрнекі құралдарының, жабдықтар мен басқа да мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді.

      117. Оқу орталығының оқу-тәрбие процесін оқу, сыныптан тыс тәрбие жұмысының жоспарларына сәйкес ұйымдастыруы үшін орынжайлары, ғимараттары және жабдықтары бар. Сондай-ақ, Оқу орталықтарының өз бетімен дайындалуға арналған бөлмелері, гардеробтары, шаруашылық және қосалқы орынжайлары бар.

6-параграф. Түзету мекемелері жанындағы колледж

      118. Түзету мекемелері жанындағы колледж (бұдан әрі – Колледж) өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Үлгілік қағидалар мен Жарғыны басшылыққа алады.

      119. Колледждің негізгі міндеттері сотталғандарға техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметін көрсету болып табылады.

      120. Колледждер құқық қорғау органдарының ұсынымы бойынша облыстардың, Астана, Алматы қалаларының білім басқармалары органдарымен келісілген жергілікті атқарушы органдардың шешімдерімен құрылады.

      121. Колледжді ұйымдастыру және қызметінің ерекшеліктері Колледждің Жарғысымен және осы Үлгілік қағидалармен айқындалады.

      122. Колледждің білім беру қызметі Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес лицензиялауға жатады.

      123. Колледжге қабылдау негізгі орта (негізгі жалпы), жалпы орта (орта жалпы) білімі бар сотталғандар қатарынан жүзеге асырылады.

      124. Білімі туралы құжаттар болмаған жағдайда Колледж директоры сотталғандар оқыған мектеп қарайтын облыстық (қалалық, аудандық) білім бөлімдеріне сұрату жібереді. Қабылдау түзету мекемесінің басшылығымен келісілген Колледж басшысының бұйрығымен ресімделеді. Топтарды жинақтау оқу жылы басталғанға дейін аяқталуы керек.

      125. Білім алушылардың міндеттері бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын есепке ала отырып, Колледждің Жарғысымен айқындалады.

      126. Айып оқшаулағышына орналастырылған және камера типті орынжайға, оңаша камераға, жазаны өтеудің қатаң шарттарына ауыстырылған білім алушылар сырттай оқиды.

      127. Өмірлік бас бостандығынан айырылған сотталғандар жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім алуға тартылмайды. Оларға өз бетімен білім алуына жаза өтеу тәртібі мен шарттарына қарсы келмейтін жағдайлар жасалады.

      128. Оқу жылы Колледждерде оқу процесінің кестесіне сәйкес басталады. Мекеменің өнеркәсіп кәсіпорнының 2 ауысымдық жұмысы кезінде оқу сабақтары екі ауысымда ұйымдастырылады және аптасына 5-6 күн өткізіледі. Сабақтардың басталу және аяқталу уақыты, сабақтар арасындағы үзілістердің ұзақтығы Колледж басшысының бұйрығымен түзету мекемесінің басшылығымен келісу бойынша белгіленеді.

      129. Түзету мекемесі әкімшілігінің өкілдері сотталғандарды оқыту бойынша жұмысты жақсарту, педагогикалық кеңестің жұмысына, конференцияларға, кеңестерге және Колледж ұйымдастыратын және өткізетін басқа да іс-шараларға қатысу мақсатында Колледж әкімшілігімен келісу бойынша сабақтарға және білім беру процесімен байланысты іс-шараларға қатысады.

      130. Колледжді жалпы басқаруды сайланбалы өкілетті орган – Колледж кеңесі жүзеге асырады. Колледж кеңесін сайлау тәртібін және оның құзыреттерінің мәселелерін түзету мекемесінің басшылығы анықтайды.

      131. Колледж кеңесіне түзету мекемесі әкімшілігінің өкілдері кіреді.

      132. Колледж басшысы түзету мекемесінің бастығымен келісу бойынша Колледждің басшы, педагогтерін, оқу-әдістемелік персоналын лауазымдарға тағайындайды және босатады. Оларды тағайындау және босату тәртібі Колледждің Жарғысында айқындалады.

      Ескерту. 132-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 07.04.2020 № 132 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      133. Колледждің басшы, педагогтерінің, оқу-әдістемелік персоналының құқықтары мен міндеттері Колледж Жарғысымен айқындалады.

      Ескерту. 133-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 07.04.2020 № 132 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      134. Колледждің басшысы және педагогтер тәрбиешілер жасақтары кеңестерінің құрамына кіреді, сотталғандармен жүргізілетін тәрбие жұмысына мекеме әкімшілігімен бірлесіп қатысады.

      Ескерту. 134-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 07.04.2020 № 132 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      135. Колледждің басшы, педагогтері және оқу-тәрбие персоналы штатын облыстық (қалалық) білім бөлімі айқындайды.

      Ескерту. 135-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 07.04.2020 № 132 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      136. Түзету мекемесінің әкімшілігі:

      1) міндетті жалпы білім және кәсіптік оқытылуға тиісті, сондай-ақ өзінің жалпы білімін және кәсіптік деңгейін арттырғысы келетін сотталғандарды есепке алуды жүргізеді;

      2) Колледж әкімшілігінің, педагогтерінің және оқу-көмекші персоналының мекеме бөлімдерімен және қызметтерімен сотталғандарды оқыту, тәрбиелеу мәселелері бойынша өзара байланысын қамтамасыз етеді;

      3) Колледждің педагогикалық ұжымына сотталғандарды оқыту, түзету мәселелері бойынша мекеме қызметін реттейтін құқықтық және әдістемелік құжаттарды зерделеуде көмек көрсетеді;

      4) Колледж қызметкерлерінің мекемеде белгіленген тәртіптік талаптарды сақтауына бақылау жасауды жүзеге асырады;

      5) Колледждердің қызметкерлері түзету мекемесінің аумағында болған кезде олардың қауіпсіздігін және еңбегін қорғауды қамтамасыз етеді;

      6) химиялық реактивтерді, оптикалық аспаптарды, радио-бейне, фотоаппаратуралар мен басқа да аспаптарды сақтауды қамтамасыз етеді және олардың пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады.

      Ескерту. 136-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Білім және ғылым министрінің 07.04.2020 № 132 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      137. Колледж әкімшілігі:

      1) мекеме әкімшілігімен бірлесіп, отызға толмаған және жалпы орта білімі жоқ міндетті оқытылуға тиісті сотталғандарды толықтай қамтуды қамтамасыз ету бойынша жұмысты жүргізеді;

      2) сотталғандарды ұстау тәртібінің талаптарын есепке ала отырып, білім беру процесін оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес ұйымдастырады, заманауи педагогикалық технологияларды енгізеді;

      3) білім алушыларға сабаққа дайындалуға, өз бетімен оқу әдістерін меңгеруге, мекеме әкімшілігіне сотталғандарды рухани-адамгершілікке тәрбиелеуге, оларды әлеуметтік бейімдеу және оңалту жұмысына көмек көрсетеді;

      4) мекеме әкімшілігіне оқудағы табысы мен тәртібі үшін білім алушыларды көтермелеу туралы өтініш береді;

      5) мекеме әкімшілігіне сотталғандар арасында тәртіпті нығайтуға барынша көмек көрсетеді;

      6) оқу-көрнекі құралдарының, жабдықтар мен басқа да мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді.

      138. Колледждің оқу-тәрбие процесін оқу, сыныптан тыс тәрбие жұмысының жоспарларына сәйкес ұйымдастыруы үшін орынжайлары, ғимараттары және жабдықтары болады. Сондай-ақ, Колледждерде өз бетімен дайындалуға арналған бөлмелер, гардеробтар, шаруашылық және қосалқы орынжайлар болады.

      139. Жабдықтар сатып алу, сондай-ақ Колледж орынжайларын ұстауға (коммуналдық қызметтер, ағымдық жөндеу және өзге де шығыстар) байланысты шығыстар, қызмет көрсететін персоналға еңбекақы төлеу түзету мекемелерінің қаражаты есебінен жүргізіледі. Басшы және педагогтердің, оқу-тәрбие персоналының еңбегіне ақы төлеу жергілікті бюджеттердің білім беруге көзделген қаражаты есебінен төленеді.

      Ескерту. 139-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 07.04.2020 № 132 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

7-параграф. Әскери-техникалық колледж

      Ескерту. 7-параграф алып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 08.01.2016 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.