"Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлік қызметін көрсету үшін қызметтік автомобильдерді пайдалануды ретке келтіру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 663 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 3 қыркүйектегі № 915 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 887 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «2010 жылғы 7 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Имашев трансшекаралық газ конденсатты кен орнын геологиялық зерделеу және барлау жөніндегі бірлескен қызмет туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы хаттамаға қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 670 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрі Ұзақбай Сүлейменұлы Қарабалинге 2010 жылғы 7 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Имашев трансшекаралық газ конденсатты кен орнын геологиялық зерделеу және барлау жөніндегі бірлескен қызмет туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы хаттаманың жобасына қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С.Ахметов