"Өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшін меншікке кейіннен өтеусіз бере отырып мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын объектілерін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенімгерлік бас

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 тамыздағы № 884 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1140 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.12.2015 № 1140 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшін меншікке кейіннен өтеусіз бере отырып мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын объектілерін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 наурыздағы № 243 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 25-26, 195-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшін меншікке кейіннен өтеусіз бере отырып, мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын объектілерін және олардың алып отырған жер учаскелерін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға беру ережесін бекіту туралы»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қоса беріліп отырған Өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшін меншікке кейіннен өтеусіз бере отырып, мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын объектілерін және олардың алып отырған жер учаскелерін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға беру ережесі бекітілсін.»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшін меншікке кейіннен өтеусіз бере отырып мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын объектілерін шағын кәсіпкерлік объектілеріне мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға беру ережесінде:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшін меншікке кейіннен өтеусіз бере отырып, мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын объектілерін және олардың алып отырған жер учаскелерін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға беру ережесі»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы заңдарына сәйкес әзірленген және сауда-делдалдық қызметті қоспағанда, өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік меншіктегі пайдаланылмайтын ғимараттарды, құрылыстарды, көлік құралдары мен жабдықтарды (бұдан әрі – объектілер) және ғимараттар мен құрылыстар алып отырған жер учаскелерін меншікке кейіннен өтеусіз бере отырып, мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға беру тәртібін айқындайды.»;
      мынадай мазмұндағы 33-1-тармақпен толықтырылсын:
      «33-1. Белгіленген тәртіппен үйлер (құрылыстар, ғимараттар) мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға тапсырылған жағдайда, 52-бапта белгіленген ережелер бойынша және 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-бабында белгіленген тәртіппен олармен бірге көрсетілген мүлік алып отырған және белгіленген нормаларға сәйкес оны пайдалану үшін қажет жер учаскесі жалға беріледі.»;
      40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «40. Шарттың мерзімі аяқталғанда және оның талаптары толық орындалған кезде аумақтық бөлімше (атқарушы орган) объектінің шағын кәсіпкерлік субъектісінің тіркеу есебінде тұрғанын салық органына хабарлай отырып, оны шағын кәсіпкерлік субъектісінің меншігіне өтеусіз беру туралы шешім қабылдайды.
      Объект алып отырған жер учаскелерін өтеусіз беру жөнінде шешім қабылдау 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексiне сәйкес жүзеге асырылады.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С.Ахметов