"Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1460 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 тамыздағы № 790 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.09.2014 № 1011 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1460 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 51, 683-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі туралы ережеде:
      15-тармақ мынадай мазмұндағы 20-1), 20-2), 20-3) тармақшалармен толықтырылсын:
      «20-1) Кеден одағына мүше мемлекеттер арасындағы өзара сауда статистикасын қалыптастырады және жүргізеді;
      20-2) мемлекеттік органдардың статистикалық ақпаратты түзу процесін сипаттаудың үлгілік әдістемесін бекітеді;
      20-3) ведомстволық жіктелімдерді жүргізудің үлгілік әдістемесін бекітеді;».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов