"Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан Стратегиялық объектілер жөнінде комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 қарашадағы № 1125 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 тамыздағы № 773 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1173 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.12.2015 № 1034 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Аумақтық сулар алып жатқан жер учаскелерін жасанды ғимараттар салу үшін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1419 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 5, 87-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      Аумақтық сулар алып жатқан жер учаскелерін жасанды ғимараттар салу үшін беру қағидаларында:
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Жасанды ғимараттарды салу үшін жер учаскелерін беруді Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Су ресурстары комитетінің су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі тиісті бассейндік инспекциясымен келісім бойынша Атырау және Маңғыстау облыстарының жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады. Каспий теңізіндегі Қазақстан Республикасының аумақтық және ішкі сулар шегіндегі облыстардың шекаралары облыстардың Каспий теңізі жағалауы құрлығындағы әкімшілік шекараларының түйіскен нүктесін ескере отырып, солтүстік ендіктің 46 градус сызығына параллель сызық ретінде анықталады.»;
      9-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетілген (БСН) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама немесе нотариалды расталған куәліктің* көшірмесі.
      Ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны, филиалдар мен өкілдіктерді мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болады;»;
      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «24. Жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын әзірлеу және беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 қарашадағы № 1392 қаулысымен бекітілген «Уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына актілер ресімдеу және беру» мемлекеттік қызмет стандартының 11-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырған кезден бастап алты жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов