"Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрылымына кiретiн кейбiр мемлекеттiк органдардың ведомстволық наградалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 1539 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 тамыздағы № 762 қаулысы

      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрылымына кiретiн кейбiр мемлекеттiк органдардың ведомстволық наградалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 1539 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 8, 159-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрылымына кiретiн кейбiр мемлекеттiк органдардың ведомстволық наградаларымен марапаттау (ведомстволық наградаларынан айыру) қағидаларында:
      «2. Ведомстволық наградалармен марапаттау» (ведомстволық наградалардан айыру) тәртібі» деген бөлімде:
      11-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Комиссия ведомстволық наградалармен марапаттауға (ведомстволық наградалардан айыруға) объективтi көзқарасты қамтамасыз ету үшiн осы қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрылымына кiретiн кейбiр мемлекеттiк органдардың ведомстволық наградаларының тiзбесiнде айқындалған орталық мемлекеттiк органдарда жауапты хатшының бұйрығымен тұрақты негiзде құрылады.»;
      14-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «14. Орталық мемлекеттiк органның жауапты хатшысы Комиссия шешiм шығарған сәттен бастап күнтiзбелiк 10 күн iшiнде:»;
      151718-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «15. Ведомстволық наградадан айырылған адам оны мемлекеттiк органның жауапты хатшысының тиiстi бұйрығы қабылданған күннен бастап бiр ай iшiнде мемлекеттiк органға қайтарады.»;
      «17. Ведомстволық наградаларды тапсыруды орталық мемлекеттiк органның жауапты хатшысы немесе оның тапсырмасы бойынша басқа да лауазымды адамдар жүргiзедi.
      18. Әрбiр марапатталушыға ведомстволық наградаларды тапсырумен бiр мезгiлде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттiк органның жауапты хатшысы қол қойған тиiстi куәлiк берiледi.»;
      «3. Ведомстволық наградалармен марапаттау негiздемелерi» деген бөлімде:
      34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «34. «Әлеуметтік-еңбек саласының үздігі» төсбелгісімен еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарында кемінде 5 жыл еңбек өтілі, қызметі бойынша оң мінездемесі бар, өздеріне жүктелген міндеттерді адал және кәсіби шеберлікпен орындап жүрген еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау саласының қызметкерлері, арадагерлері және басқа да адамдар марапатталады.»;
      мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді:
      мынадай мазмұндағы кіші бөлімдермен толықтырылсын:
      «Жер қойнауының құрметті барлаушысы» төсбелгісі
      73. «Жер қойнауының құрметті барлаушысы» төсбелгісімен Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті кәсіпорындарының, ұйымдары мен мекемелерінің және экономиканың басқа да салаларының кемінде 10 жыл жұмыс істеген, геологияның дамуына және елдің минералдық-шикізат базасын басқаруға зор үлес қосқан қызметкерлері геологиялық барлау жұмыстарының бағыттарын ғылыми негіздегені, пайдалы қазбалардың кен орындарын ашқаны және оларды барлағаны үшін, геологиялық барлау жұмыстары практикасына ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін енгізгені үшін, өндірістік қызметте қол жеткізген жоғары нәтижелері үшін, геологиялық кадрларды дайындау және тәрбиелеу ісіндегі жетістіктері үшін, жемісті ғылыми және қоғамдық қызметі үшін, сондай-ақ геология және жер қойнауын пайдалану саласында шет елдермен табысты ынтымақтастық жасағаны үшін марапатталады.
      «Жер қойнауын барлаудың үздігі» төсбелгісі
      74. «Жер қойнауын барлаудың үздігі» төсбелгісімен Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті кәсіпорындарының, ұйымдары мен мекемелерінің және экономиканың басқа да салаларының кемінде 10 жыл жұмыс істеген, жер қойнауын геологиялық зерделеу, Қазақстан Республикасының пайдалы қазбаларының кен орындарын іздестіру және барлау ісіне жеке зор үлес қосқан қызметкерлері және осы ретте қол жеткізілген жоғары өндірістік, ғылыми, экологиялық және техникалық-экономикалық көрсеткіштер үшін марапатталады.
      «Заң саласының үздігі» төсбелгісі
      75. «Заң саласының үздігі» төсбелгісімен Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін орталық мемлекеттік органдардың заң қызметтерінің қызметі бойынша оң мінездемесі бар, өздеріне жүктелген міндеттерді адал және кәсіби орындайтын, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес күнтізбелік есептеуде 10 жыл және одан астам еңбек сіңірген қызметкерлері марапатталады.»;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрылымына кiретiн кейбiр мемлекеттiк органдардың ведомстволық наградаларының тiзбесiнде және сипаттамаларында:
      «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрылымына кiретiн кейбiр мемлекеттiк органдардың ведомстволық наградаларының тiзбесi» деген 1-бөлімнің «Төсбелгілер:» деген кіші бөлімінде:
      8-тармақ мынадай мазмұндағы 9), 10), 11) және 12) тармақшалармен толықтырылсын:
      «9) «Жер қойнауының құрметті барлаушысы»;
      10) «Жер қойнауын барлаудың үздігі»;
      11) «Туризм саласына сiңiрген еңбегi үшiн»;
      12) «Туризм саласының үздігі».»;
      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «11. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi:
      «Мәдениет саласының үздiгi».»;
      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «12. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі:
      1) «Дене шынықтыру және спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін»;
      2) «Құрметті спорт қызметкері».»;
      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «14. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі:
      1) «Құрметтi құрылысшы»;
      2) «Құрметтi сәулетшi»;
      3) «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының құрметті қызметкері».»;
      мынадай мазмұндағы 16-тармақпен толықтырылсын:
      «16. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін мемлекеттік органдар:
      «Заң саласының үздігі».»;
      «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградаларының сипаттамалары» деген 2-бөлімде:
      «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің төсбелгілері» деген кіші бөлім мынадай мазмұндағы тараулармен толықтырылсын:
      «Жер қойнауының құрметті барлаушысы» (31-2-қосымша)
      «Жер қойнауының құрметті барлаушысы» төсбелгісі диаметрі 24 мм шеңберге сызылған, биіктігі 35 мм қырланған бесбұрышты нысандағы сары түсті металдан (латуньнан) дайындалады.
      Төсбелгі екі бөліктен тұрады: осы төсбелгінің жоғарғы (аспа) және төменгі тағаны. Төсбелгі шығыршық пен құлақша арқылы аспамен жалғанған.
      Шеңбердің төменгі жартысында бір қолымен геологиялық балғаға сүйеніп тұрған, екінші қолында таужынысының айшықты үлгісін ұстап тұрған геология барлаушысының айшықты күміс мүсіні бейнеленген.
      Шеңбердің ортасында Қазақстан Республикасы картасының жасыл сұлбасы, оның сол жақ жоғары бөлігінде айшықты күміс бұрғылау мұнарасы бейнеленген.
      Шеңбердің жоғары жартылай шеңбері бойынша көгілдір фонда - қазақ тілінде күміс әріптермен «Жер қойнауының құрметті барлаушысы» деген жазу.
      Төменгі жартылай шеңбердің қарсы жақтарында - күміс лавр бұтақтары.
      Шеңбер ортасынан шашыраған күміс сәулелер көрінеді. Қырланған бесбұрыш алаңы алтынмен қапталған.
      Төсбелгінің теріс жағында шығыңқы алтын әріптермен алтын фонда:
      «Геологиядағы зор еңбегі үшін» деген жазу жазылады:
      Әрбір жазудан кейін ұлттық ою-өрнек бейнеленген.
      Аспаның тағаны мемлекеттік ту бейнеленген төсем түрінде тікбұрыштан және алтынмен қапталған ұлттық ою-өрнек бейнеленген үшбұрыштан жасалған.
      Төсбелгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
      «Жер қойнауын барлаудың үздігі» (31-3-қосымша)
      «Жер қойнауын барлаудың үздігі» төсбелгісі шағын шығыңқылығы бар металл дискі нысанындағы сары түсті металдан (латуньнан) дайындалады, шеңбердің диаметрі 30 мм, қалыңдығы 2 мм. Дискінің шығыңқы жағында жазулар мен бейне-нышандар салынған:
      дискінің тұйық айналасында ені 3 мм болатын алтын жалатылған лента жолағы өтеді, оның үстінде қазақ тілінде көк түсті әріптермен – жоғарғы жартысында – «Қазақстан Республикасы», төменгі жарытысында «Жер қойнауын барлаудың үздігі» деген жазу жазылады. Жазулар ұлттық ою-өрнек элементтерімен бөлінген;
      дискінің шеңберінде Қазақстан Республикасы картасының сұмасы (карта жасыл эмальмен қапталған);
      карта сұлбасының ортасында екі айқасқан алтын түсті геологиялық балға;
      карта сұлбасының жоғарғы бөлігінде алтын түсті айшықты бұрғылау мұнарасы бейнеленген;
      шеңбердің жоғарғы бөлігін (бұрғылау мұнарасының жартысы деңгейінде) айшықты сейсмотолқын қиып өтеді.
      Белгі шеңберінің бос алаңы көгілдір эмальмен құйылған.
      Төсбелгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.».
      «Туризм саласына сiңiрген еңбегi үшiн» (39-қосымша)
      «Туризм саласына сiңiрген еңбегi үшiн» төсбелгiсi биiктiгi 32 мм, енi 25 мм және қалыңдығы 2 мм тiкбұрыш нысанындағы латуньнан дайындалады.
      Белгiнiң ортасында көгiлдiр фонда алтын түстi реңкте бүркiттiң қанатында Қазақстанның картасы бар жер шары бейнеленген.
      Белгiнiң жоғарғы бөлiгiнде «ТУРИЗМ САЛАСЫНА СIҢIРГЕН ЕҢБЕГI ҮШIН» деген жазу орналасқан. Жер шарының жоғарғы бөлiгiнде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» деген жазу орналасқан.
      Қондырмасы – мельхиор, көк эмаль, қызыл эмаль.
      Белгi киiмге визорлы бекiткiшi бар түйреуiш арқылы бекiтiледi.
      «Туризм саласының үздiгi» (41-қосымша)
      «Туризм саласының үздiгi» төсбелгiсi биiктiгi 32 мм, енi 25 мм және қалыңдығы 2 мм тiкбұрыш нысанындағы латуньнан дайындалады.
      Белгiнiң бет жағында қою жасыл фонда Қазақстан Республикасының картасы бейнеленген. Картаның жоғары бөлiгiнде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» деген жазу, төменгi бөлiгiнде «ТУРИЗМ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДIГI» деген жазу орналасқан.
      Белгi киiмге визорлы бекiткiшi бар түйреуiш арқылы бекiтiледi.»;
      «Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң төсбелгiсi» деген кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң төсбелгiсi
      «Мәдениет саласының үздiгi» (37-қосымша)
      «Мәдениет саласының үздiгi» төсбелгiсi диаметрi 34 мм шеңбер нысанында алтын түстес металдан дайындалады.
      Шеңбердiң iшiнде күннiң, шаңырақтың және ұлттық ою-өрнектiң бейнесi, төменде алтын түстес «МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДIГI» деген жазу орналасқан.
      Белгi құлақша мен шығыршық арқылы енi 34 мм және биiктiгi 18 мм көгiлдiр түстi қатқыл лентамен қапталған тiкбұрышты тағанмен жалғанады.
      Белгi киiмге визорлы бекiткiшi бар түйреуiш арқылы бекiтiледi.»;
      «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгiнiң төсбелгiлерi» деген кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төсбелгілері
      «Дене шынықтыру мен спортты дамытуға сiңiрген еңбегi үшiн» (38-қосымша)
      «Дене шынықтыру мен спортты дамытуға сiңiрген еңбегi үшiн» төсбелгiсi латуньнан дайындалады және көлемi 38х28 мм күрделi нысандағы аспаны бiлдiредi. Белгіні дайындауда қызыл және көк түстi эмаль пайдаланылады.
      Белгiнiң бет жағындағы төменгi бөлiкте «желбiреген лента» фонында «ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МЕН СПОРТТЫ ДАМЫТУҒА СIҢIРГЕН ЕҢБЕГI ҮШIН» деген жазу орналасқан. Белгiнiң ортасында айқастырылған екi алаудың фонында барыстың бейнесi орналасқан. Белгiнiң шеттерiнде лавр бұтақтары орналасқан.
      Белгi құлақша мен шығыршық арқылы енi 25 мм және биiктiгi 37 мм көк түстi қатқыл лентамен қапталған тiкбұрышты тағанмен жалғанады.
      Белгi киiмге визорлы бекiткiшi бар түйреуiш арқылы бекiтiледi.
      «Құрметтi спорт қызметкерi» (40-қосымша)
      «Құрметтi спорт қызметкерi» төсбелгiсi диаметрi 42 мм сегiз ұшты жұлдыз нысанында дайындалады.
      Белгi үш бөлiктен тұрады - негiз, қондырма және жапсырма. Негiзге бекiтiлетiн жапсырмасы бар қондырма алаңы негiздiң басты сәулелерiнiң үстiне орналасқан он екi сәулелi алтын жалатылған сәулелермен көмкерiлген. Негiз күмiс қорытпасынан дайындалған.
      Қондырма шетi аймақтарында бүртiктер орындалған диаметрi 23,3 мм дұрыс шығыңқы шеңбер болып табылады. Шығыршық бойы iшкi бүртiк пен жапсырма алаңының арасында «ҚҰРМЕТТI СПОРТ ҚЫЗМЕТКЕРI» деген жазу айналдыра орналасқан.
      Белгi құлақша мен шығыршық арқылы енi 26 мм және биiктiгi 30 мм көгiлдiр түстi қатқыл лентамен қапталған тiкбұрышты тағанмен жалғанады. Таған латуньнан дайындалады.
      Белгi киiмге визорлы бекiткiшi бар түйреуiш арқылы бекiтiледi.»;
      «Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi агенттiгiнiң төсбелгiлерi деген кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің төсбелгілері:
      «Құрметтi құрылысшы» (43-қосымша)
      «Құрметтi құрылысшы» төсбелгiсi диаметрi 28 мм және қалыңдығы 2 мм шеңбер нысанында мыс-никель қорытпасынан дайындалады.
      Белгiнiң бет жағында шартты түрде бедерлi өрнектелген шаңырақты айналдыра «ҚҰРМЕТТI ҚҰРЫЛЫСШЫ» деген жазу шығыңқы орналастырылады. Шаңырақтың iшi және жазулар қою көк түстi эмальмен қапталған.
      Белгiнiң сыртқы жағында тiркеу нөмiрi орналасқан. Белгiнiң қыры тегiс.
      Белгi құлақша мен шығыршық арқылы енi 25 мм және биiктiгi 15 мм қара көк түстi қатқыл лентамен қапталған тiкбұрышты тағанмен жалғанады.
      Белгi киiмге визорлы бекiткiшi бар түйреуiш арқылы бекiтiледi.
      «Құрметтi сәулетшi» (44-қосымша)
      «Құрметтi сәулетшi» төсбелгiсi диаметрi 28 мм және қалыңдығы 2 мм шеңбер нысанында мыс-никель қорытпасынан дайындалады.
      Белгiнiң бет жағында шартты түрде өрнектелген шаңырақты айналдыра «ҚҰРМЕТТI СӘУЛЕТШI» деген жазу орналастырылады. Шаңырақтың iшi және жазулар қою көгілдір түстi эмальмен қапталған.
      Белгiнiң сыртқы жағында тiркеу нөмiрi орналасқан. Белгiнiң қыры тегiс.
      Белгi құлақша мен шығыршық арқылы енi 25 мм және биiктiгi 15 мм қою көгілдір түстi қатқыл лентамен қапталған тiкбұрышты тағанмен жалғанады.
      Белгi киiмге визорлы бекiткiшi бар түйреуiш арқылы бекiтiледi.»;
      «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының құрметті қызметкері» (45-қосымша)
      «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының құрметті қызметкері» төсбелгісі диаметрі 28 мм және қалыңдығы 2 мм шеңбер нысанында мыс-никель қорытпасынан дайындалады.
      Белгінің бет жағында шартты түрде өрнектелген шаңырақты айналдыра «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының құрметті қызметкері» деген жазу шығыңқы орналастырылады. Шаңырақтың іші және жазулар қою көгілдір түсті эмальмен қапталған.
      Белгінің сыртқы жағында тіркеу нөмірі орналастырылады. Белгінің қыры тегіс.
      Белгі құлақша мен шығыршық арқылы ені 25 мм және биіктігі 15 мм қою көгілдір түсті қатқыл лентамен қапталған тікбұрышты тағанмен жалғанады.
      Белгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.»;
      мынадай мазмұндағы «Заң саласының үздігі» деген кіші бөліммен толықтырылсын:
      «Заң саласының үздігі» төсбелгісі (47-қосымша)
      «Заң саласының үздігі» төсбелгісі диаметрі 42 мм сегіз ұшты жұлдыз нысанында дайындалады.
      Белгi үш бөлiктен тұрады - негiз, қондырма және жапсырма. Негiзге бекiтiлетiн жапсырмасы бар қондырма алаңы негiздiң басты сәулелерiнiң үстiне орналасқан көп сәулелi күміс жұлдызбен көмкерiлген. Негіз және сәулелер күміс қорытпасынан дайындалған.
      Қондырма шетi аймақтарында бүртiктер орындалған диаметрi 23,3 мм дұрыс шығыңқы шеңбер болып табылады. Шығыршық бойы ішкі бүртік пен жапсырма алаңының арасында «ЗАҢ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ» деген алтын жалатылған жазу, ал төменгі бөлігінде алтын жалатылған ұлттық ою-өрнек бар. Мәтін мен ою-өрнек жылтыраған шығыңқы.
      Белгінің беткі жағында ортасында «Фемида» сот төрелігінің көне грек жебеуші әйелінің алтын жалатылған шығыңқы суреті орналасқан.
      Белгі шеңберінің бос алаңы ақ эмальмен құйылған.
      Белгі құлақша мен шығыршық арқылы ені 26 мм және биіктігі 30 мм көгілдір түсті қатқыл лентамен қапталған, ортасында алтын түсті ұлттық ою-өрнек орналасқан үшбұрышты тағанмен жалғанады.
      Белгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.»;
      осы қаулыға 12 және 3-қосымшаларға сәйкес Сипаттамаларға 31-2, 31-3 және 47-қосымшалармен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2013 жылғы 2 тамыздағы
№ 762 қаулысына  
1-қосымша      

Сипаттамаларға
31-2-қосымша

«Жер қойнауының құрметті барлаушысы» төсбелгісі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2013 жылғы 2 тамыздағы
№ 762 қаулысына   
2-қосымша      

Сипаттамаларға
31-3-қосымша

«Жер қойнауын барлаудың үздігі» төсбелгісі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2013 жылғы 2 тамыздағы
№ 762 қаулысына   
3-қосымша     

Сипаттамаларға
47-қосымша 

«Заң саласының үздігі» төсбелгісі