Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 17 ақпандағы № 134 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Ақпараттық-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны қызметінің негізгі мәні:
1) Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігін дайындау;
2) құжаттарды дайындау жүйесінің ықпалдастырылған деректер банкін жинақтау және жүргізу;
3) көші-қон процестерін есепке алу бойынша жұмыстарды автоматтандыру;
4) ішкі істер органдары үшін бағдарламалық-техникалық өнімдерді (компьютерлік бағдарламаларды, жабдықтарды, байланыс құралдарын, ақпараттық жүйелерді) әзірлеу, енгізу және сүйемелдеу жөніндегі қызмет болып табылады.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі осы қаулыға сәйкес құрылатын және қайта ұйымдастырылатын кәсіпорындарға (бұдан әрі – кәсіпорындар) қатысты тиісті саланың уәкілетті органы болып белгіленсін.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов