Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Реттеліп көрсетiлетiн қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін және тарифтік сметаларды бекіту кезінде шығындары ескерiлетiн тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді табиғи мон

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 24 шілдедегі № 738 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 1 қыркүйектегі № 727 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 29.12.2016 № 901 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледi) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттің басым құқығын жүзеге асыру мәселелері жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1264 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:

      Мемлекеттің басым құқығын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына:

      қатты пайдалы қазбалар мәселелері бойынша:

Тоқтабаев
Тимур Серікұлы

-

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Жер қойнауын пайдалану департаментінің директоры, хатшы,

Құсайынов
Марат Әпсеметұлы

-

Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі,

Бектеміров
Қуаныш Әбдіғалиұлы

-

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының басқарушы директоры (келісім бойынша) енгізілсін;


      көмірсутек шикізаты мәселелері бойынша:

Қарабалин
Ұзақбай Сүлейменұлы

-

Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрі, төраға,

Құсайынов
Марат Әпсеметұлы

-

Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі енгізілсін;


      көрсетілген құрамдардан: Еркен Исаханұлы Жақатаев, Абай Мұқашұлы Ескендіров, Сауат Мұхаметбайұлы Мыңбаев шығарылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

C. Ахметов