Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 шілдедегі № 720 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң      
2013 жылғы 12 шілдедегі
№ 720 қаулысына   
қосымша       

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң күшi жойылған кейбiр
шешiмдерiнiң тiзбесi

      1. «Мемлекеттік қызметтің үлгі стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 23, 264-құжат).
      2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 маусымдағы № 662 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 40, 356-құжат).
      3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 5 қарашадағы № 1166 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 59, 578-құжат).
      4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қарашадағы № 1264 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 60, 862-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 5-тармағы.