Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 01.09.2023 № 758 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасау, жүргізу және пайдалану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 сәуірдегі № 343 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 13, 156-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасау, жүргізу және пайдалану ережесінде:
13-тармақтың 2) тармақшасындағы "кеткен кезде шартты түрде алып тасталады." деген сөздер "кеткен кезде;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) асырап алынған бала туралы мәліметтер, оның дербес деректері өзгерген кезде бала асырап алу туралы сот шешiмi күшiне енгеннен кейiн шартты түрде алынып тасталады.";
мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:
"13-1. Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қайтадан және одан кейiн тiркеу кезінде, сондай-ақ бала асырап алу жарамсыз деп танылған жағдайда, бұрын қалыптастырылған ЖСН бар құжат берiледi.";
21-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Жалпыға қолжетімді болып табылатын ақпараттан басқа Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінде қамтылған мәліметтер:";
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Жалпыға қолжетімді ақпаратты қоспағанда, жеке немесе заңды тұлғаға қатысты ақпаратты жеке немесе заңды тұлғаның жазбаша келісімінсіз басқа адамға беруге болмайды.".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | С. Ахметов |