"Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы № 943 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 шілдедегі № 693 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.04.2015 № 213 қаулысымен.

      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.09.2014 № 1011 қаулысымен;
      2) «Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және өткізетін тауарларға баға белгiлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 ақпандағы № 159 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және өткізетін тауарларға баға белгiлеу қағидаларында:
      2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) уәкiлеттi орган – бәсекелестiктi қорғау және монополиялық қызметтi шектеу саласындағы басшылықты, мемлекеттік монополия саласына жатқызылған қызметті бақылауды және реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.».
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 24.09.2014 № 1011 қаулысымен.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов