"Жануарлардың санын реттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 ақпандағы № 186 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 11 маусымдағы № 593 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 898 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 27.12.2018 № 898 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жануарлардың санын реттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 ақпандағы № 186 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 31, 410-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Жануарлардың санын реттеу қағидаларында:

      3, 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Республика аумағында жануарлардың санын реттеу үшін Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің (бұдан әрі – Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті) бұйрығымен, ал белгілі бір облыстың аумағында – оның аумақтық бөлімшелерінің бұйрықтарымен, балық ресурстарын және басқа да су жануарларының түрлерін қоспағанда, жануарлар санын реттеу жөнінде комиссия құрылады.

      4. Балықтың және өзге де су жануарлары түрлерінің санын реттеу үшін Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелерінің (бұдан әрі – Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері) бұйрықтарымен балық ресурстарын және басқа да су жануарлары түрлерінің санын реттеу жөніндегі комиссиялар құрылады.";

      5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Көрсетілген комиссиялардың құрамына тиісті Комитеттің немесе оның аумақтық бөлімшесінің, жергілікті атқарушы органдардың, экологиялық реттеу және бақылау, ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау саласындағы мемлекеттік органдардың, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдардың (Комиссияны жинау негізіне байланысты) өкілдері кіреді.";

      7-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) жеке және заңды тұлғалар, экологиялық реттеу және бақылау, ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау мемлекеттік органдары, жергілікті өкілді, атқарушы және өзге де мемлекеттік органдар жазбаша өтініш жасаған жағдайларда;".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

С. Ахметов