Қазақстан Республикасының спортшыларын кезекті 2013 жылғы Алматы қаласындағы (Қазақстан Республикасы) жасөспірім ұлдар мен қыздар арасындағы 3-Еуразиялық спорт ойындарына, 2014 жылғы Сочидегі (Ресей Федерациясы) XXII қысқы Олимпиада, Параолимпиада және Сурдолимпиада ойындарына, 2014 жылғы Инчеондағы (Корей Республикасы) 17-жазғы Азия ойындарына, 2016 жылғы Рио-де-Жанейродағы (Бразилия Республикасы) ХХХІ жазғы Олимпиада, Параолимпиада және Сурдолимпиада ойындарына және 2017 жылғы Саппородағы (Жапония) 8-қысқы Азия ойындарына даярлау және табысты өнер көрсетуі үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының спортшыларын кезекті 2013 жылғы Алматы қаласындағы (Қазақстан Республикасы) жасөспірім ұлдар мен қыздар арасындағы 3-Еуразиялық спорт ойындарына, 2014 жылғы Сочидегі (Ресей Федерациясы) XXII қысқы Олимпиада, Параолимпиада және Сурдолимпиада ойындарына, 2014 жылғы Инчеондағы (Корей Республикасы) 17-жазғы Азия ойындарына, 2016 жылғы Рио-де-Жанейродағы (Бразилия Республикасы) ХХХІ жазғы Олимпиада, Параолимпиада және Сурдолимпиада ойындарына және 2017 жылғы Саппородағы (Жапония) 8-қысқы Азия ойындарына қатысуға даярлау жөніндегі ұйымдастыру комитетінің (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) құрамы бекітілсін.
2. Ұйымдастыру комитеті жылына кемінде екі рет отырыстарында облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің спортшыларды Азия және Олимпиада ойындарына қатысуға даярлау жоспарларының орындалуы туралы есептерін тыңдасын.
3. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен, Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетімен, спорт түрлері бойынша республикалық федерациялармен (қоғамдық бірлестіктермен) (келісім бойынша) бірлесіп, спортшыларды кезекті 2013 жылғы Алматы қаласындағы (Қазақстан Республикасы) жасөспірім ұлдар мен қыздар арасындағы 3-Еуразиялық спорт ойындарына, 2014 жылғы Сочидегі (Ресей Федерациясы) XXII қысқы Олимпиада, Параолимпиада және Сурдолимпиада ойындарына, 2014 жылғы Инчеондағы (Корей Республикасы) 17-жазғы Азия ойындарына, 2016 жылғы Рио-де-Жанейродағы (Бразилия Республикасы) ХХХІ жазғы Олимпиада, Параолимпиада және Сурдолимпиада ойындарына және 2017 жылғы Саппородағы (Жапония) 8-қысқы Азия ойындарына қатысуға даярлау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
4. Алматы қаласының әкімдігі Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігімен бірлесіп 2013 жылғы Алматы қаласындағы (Қазақстан Республикасы) жасөспірім ұлдар мен қыздар арасындағы 3-Еуразиялық спорт ойындарын ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етсін.
5. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына 2014 жылғы Сочидегі (Ресей Федерациясы) XXII қысқы Олимпиада, Параолимпиада және Сурдолимпиада ойындарына және 2016 жылғы Рио-де-Жанейродағы (Бразилия Республикасы) ХХХІ жазғы Олимпиада, Параолимпиада және Сурдолимпиада ойындарына спорт түрлерінен ұлттық құрама командалардың даярлығы мен қатысуын белгіленген тәртіппен қаржыландыруды мүмкіндігін қарау ұсынылсын.
6. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне мыналар ұсынылсын:
1) кезекті 2013 жылғы Алматы қаласындағы (Қазақстан Республикасы) жасөспірім ұлдар мен қыздар арасындағы 3-Еуразиялық спорт ойындарына, 2014 жылғы Сочидегі (Ресей Федерациясы) XXII қысқы Олимпиада, Параолимпиада және Сурдолимпиада ойындарына, 2014 жылғы Инчеондағы (Корей Республикасы) 17-жазғы Азия ойындарына, 2016 жылғы Рио-де-Жанейродағы (Бразилия Республикасы) ХХХІ жазғы Олимпиада, Параолимпиада және Сурдолимпиада ойындарына және 2017 жылғы Саппородағы (Жапония) 8-қысқы Азия ойындарына қатысуға даярлау бойынша үміткер спортшыларға қаржылық қолдау көрсету және жағдайлар жасау жөнінде шаралар қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігімен бірлесіп жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізу үшін жоғары білікті спортшыларды және спорт резервін жоспарлы даярлау мақсатында өңірде басым олимпиадалық спорт түрлерін айқындасын және бекітсін;
3) жылына кемінде екі рет әкімдіктің отырыстарында спортшылардың кезекті 2013 жылғы Алматы қаласындағы (Қазақстан Республикасы) жасөспірім ұлдар мен қыздар арасындағы 3-Еуразиялық спорт ойындарына, 2014 жылғы Сочидегі (Ресей Федерациясы) XXII қысқы Олимпиада, Параолимпиада және Сурдолимпиада ойындарына, 2014 жылғы Инчеондағы (Корей Республикасы) 17-жазғы Азия ойындарына, 2016 жылғы Рио-де-Жанейродағы (Бразилия Республикасы) ХХХІ жазғы Олимпиада, Параолимпиада және Сурдолимпиада ойындарына және 2017 жылғы Саппородағы (Жапония) 8-қысқы Азия ойындарына қатысуға дайындық мәселелерін қарасын.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 6 маусымдағы
№ 578 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының спортшыларын кезекті 2013 жылғы
Алматы қаласындағы (Қазақстан Республикасы) жасөспірім ұлдар
мен қыздар арасындағы 3-Еуразиялық спорт ойындарына, 2014 жылғы
Сочидегі (Ресей Федерациясы) XXII қысқы Олимпиада,
Параолимпиада және Сурдолимпиада ойындарына, 2014 жылғы
Инчеондағы (Корей Республикасы) 17-жазғы Азия ойындарына, 2016
жылғы Рио-де-Жанейродағы (Бразилия Республикасы) XXXI жазғы
Олимпиада, Параолимпиада және Сурдолимпиада ойындарына және
2017 жылғы Саппородағы (Жапония) 8-қысқы Азия ойындарына
қатысуға даярлау жөніндегі ұйымдастыру комитетінің
құрамы
Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.09.2014 N 970 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары, хатшы
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі
Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарушы директоры (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиада комитетінің президенті (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы ұлттық олимпиада комитетінің бас хатшысы (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры