Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Ауыз сумен қамтамасыз ету саласында ұсыныстар әзірлеу жөнінде комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 желтоқсандағы № 1320 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) Ауыз сумен қамтамасыз ету саласында ұсыныстар әзірлеу жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Сағынтаев  | 
–  | 
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі, төраға  | 
Нокин  | 
–  | 
Қазақстан Республикасының Өңірлік даму вице-министрі, төрағаның орынбасары  | 
Байсүгірова  | 
–  | 
Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық департаменті директорының орынбасары, хатшы  | 
Нысанбаев  | 
–  | 
Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі  | 
Алпысбаев  | 
–  | 
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары  | 
Нұрабаев  | 
–  | 
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы;  | 
мына:
«Кармазина  | 
–  | 
Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі  | 
Галиев  | 
–  | 
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының орынбасары, төрағаның орынбасары  | 
Әбішев  | 
–  | 
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы»  | 
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«Кармазина  | 
–  | 
Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі  | 
Галиев  | 
–  | 
Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы, төрағаның орынбасары  | 
Әбішев  | 
–  | 
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы»;  | 
      көрсетілген құрамнан Қырымбек Елеуұлы Көшербаев, Абай Мұқашұлы Ескендіров, Мирлан Бегежанұлы Мұхамбетов, Марат Еркінұлы Толыбаев, Ольга Александровна Титова, Құдайберді Байболұлы Орақ шығарылсын;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Ауыз сумен қамтамасыз ету саласында ұсыныстар әзірлеу жөніндегі комиссия туралы ережеде:
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі комиссияның жұмыс органы болып табылады.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов