Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.12.2015 № 1108 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Фитосанитариялық нормативтерді, фитосанитариялық есепке алу нысандарын, сондай-ақ Фитосанитариялық есепке алу нысандарын табыс ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қарашадағы № 1394 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 4, 79-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген фитосанитариялық нормативтерде:
«1. Пестицидтер (улы химикаттар) запасының фитосанитариялық нормативтері» деген бөлімде:
«Болжанған алқаптың запасы пайызы» деген бағанның тақырыбы «, дейін» деген сөзбен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Колорадо картоп қоңызы 30»;
«3. Аса қауіпті зиянды организмдер бойынша фитосанитариялық нормативтер» деген бөлімде:
мына:
«Өрмекші кене |
жұмыртқа, дернәсілдер, имаго |
мақта |
шанақтанудың басы-пісудің басы |
танапта өсімдіктердің залалдануы 10 %-дан артық, бір жапыраққа 1,5 кене (100 жапыраққа 150 дарақ)» |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Мақтадағы өрмекші кене |
жұмыртқа, дернәсілдер, имаго |
мақта |
шанақтанудың басы-пісудің басы |
танапта өсімдіктердің залалдануы 10 %-дан артық, бір жапыраққа 1,5 кене (100 жапыраққа 150 дарақ) |
Соядағы өрмекші кене |
жұмыртқа, дернәсілдер, имаго |
соя |
өсу кезеңі |
өсімдіктердің кенемен залалдануы 10 %-дан жоғары, оның саны 1 жапыраққа 10 дарақтан артық»; |
мына:
«Мақта көбелегі |
жұмыртқа, жұлдызқұрт |
мақта |
шанақтанудың басы-пісудің басы |
100 өсімдікке 8-12 жұмыртқа мен жұлдызқұрт»; |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Мақтадағы мақта көбелегі |
жұмыртқа, жұлдызқұрт |
мақта |
шанақтанудың басы-пісудің басы |
100 өсімдікке 8-12 жұмыртқа мен жұлдызқұрт |
Жүгерідегі мақта көбелегі |
көбелек, жұлдызқұрт |
жүгері |
өсу кезеңі |
бір торға тәулігіне 8-10 көбелек, бұл зиянкестің егістіктегі санының өте көптігіне сәйкес»; |
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Колорадо картоп қоңызы |
қоңыздар |
картоп |
өсімдіктің өсу кезеңіндегі биіктігі 15-25 см дейін |
картоп түптерінің 0,5-2 %-ына қоныстанған |
қыстап шыққан қоңыздар мен дернәсілдер |
картоп |
шанақтану кезеңі – гүлдену |
түптердің 5-8 %-на қоныстанған, 1 өсімдікке 20 дернәсілден келеді». |
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов