"Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық жағынан күрделі объектілерге жатқызу ережесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 тамыздағы № 918 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 23 қазандағы №

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 15 мамырдағы № 490 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 маусымдағы № 479 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекетаралық кеңестегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілетті өкілдері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 қыркүйектегі № 838 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) төрағасы Болатбек Баянұлы Қуандықов және Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) төрағасының орынбасары Тимур Сұлтанбекұлы Баймұханов Монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекетаралық кеңестегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілетті өкілдері болып тағайындалсын.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов