"Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 540 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 15 мамырдағы № 485 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 540 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Мәдина Ерасылқызы Әбілқасымова және Қазақстан Республикасының Өңірлік даму вице-министрі Серік Мақашұлы Жұманғарин Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері болып тағайындалсын.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов