Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.09.2014 № 1011 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1116 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 528-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі туралы ережеде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) – стратегиялық және бюджеттік жоспарлау, салық және бюджет саясаты, сондай-ақ кеден ісі саласындағы саясат, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу және борыш, мемлекеттік инвестициялық саясат және инвестицияларды қолдау саясаты, қолайлы инвестициялық ахуалды жасау, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік, бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу, табиғи монополиялар мен реттелетін нарықтар, халықаралық экономикалық және қаржы қатынастары, оның ішінде халықаралық экономикалық интеграцияны реттеу, сыртқы сауда қызметін реттеу және дамыту, ішкі сауданы реттеу және дамыту, мемлекеттік активтерді басқару, оның ішінде корпоративтік басқару сапасын арттыру, мемлекеттік басқару жүйесін дамыту, мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты дамыту, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру, халықтың көші-қоны, «жасыл экономиканы» дамыту салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік атқарушы органы болып табылады.»;
15-тармақтың 18) тармақшасындағы «дамыту салаларындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөніндегі ұсыныстар әзірлеу.» деген сөздер «дамыту;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 19) тармақшамен толықтырылсын:
«19) мемлекеттік қызметтер көрсету салаларындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөніндегі ұсыныстар әзірлеу.»;
16-тармақта «1. Орталық аппараттың функцияларында:»:
118), 119), 120), 121), 122) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«118) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлеу;
119) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін әзірлеуді және жүргізуді жүзеге асыру;
120) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерін әзірлеу жөніндегі қағидаларды әзірлеу және бекіту;
121) мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарының жобаларын келісуді жүзеге асыру;
122) орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын және (немесе) регламенттерін әзірлеу жөніндегі қызметіне мониторинг жүргізу;»;
мынадай мазмұндағы 122-1), 122-2), 122-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«122-1) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер құнын айқындау әдістемесін әзірлеу және бекіту;
122-2) орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі есебінің қалыптастырылу тәртібін, ұсынылу мерзімдерін және үлгі нысанын әзірлеу және бекіту;
122-3) мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов