"Салалық бағдарламаларды әзірлеу, іске асыру, мониторингілеу, бағалау және бақылау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы № 218 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 8 мамырдағы № 475 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 846 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 23.12.2016 № 846 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап төрт ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
      

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Салалық бағдарламаларды әзірлеу, іске асыру, мониторингілеу, бағалау және бақылау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы № 218 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 25-26, 188-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Салалық бағдарламаларды әзірлеу, іске асыру, мониторингілеу, бағалау және бақылау ережесінде:

      13-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:

      "нысаналы технологиялық бағдарламалар (болған кезде) арқылы іске асырылатын дағдарысты технологиялардың тізбесін қоса алғанда, саланы (секторды) инновациялық-технологиялық дамытуды талдау. Сондай-ақ басқарушылық технологияларды жақсартуға және халыққа мемлекеттік қызметтер көрсетуді жетілдіруге бағытталған қызметтің инновациялық құрауышы талданады;";

      14-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "бағдарламаның міндеттері "Ағымдағы жағдайды талдау" бөлімінде

      көрсетілген проблемаларды шешу және тиісті саланы (секторды)

      инновациялық-технологиялық дамыту, сондай-ақ басқарушылық технологияларды жақсартуға және халыққа мемлекеттік қызметтер көрсетуді жетілдіруге бағытталған қызметтің инновациялық құрауышының қажеттілігі ескеріле отырып айқындалатын мақсаттарға қол жеткізу жолдарын білдіреді;";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Салалық бағдарламаны оны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган әзірлейді және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен және саланы инновациялық-технологиялық дамыту бөлігінде индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен келіседі.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

С. Ахметов